Көкшетау мен Теміртауда Қазақстан жастар чемпионатының тұрақты кезеңі аясындағы екінші қайтара матчтар өтті.

«Арлан» мен «Астанаға» тағы да негізгі уақытта жеңімпазды анықтау мүмкін болмады. Бүгін шешуші сәт овертаймда Савелий Тукиннің шайбасынан кейін келді — ол көкшетаулықтарға қатарынан екінші жеңіс әкелді. Алаң иелерінің қақпашысы Владислав Лаюров 22 соққыны тойтарды. Осы нәтижеден кейін «көктаулықтар» плей-офф аймағынан небәрі бір ұпайға ғана қалып отыр.
«Арлан» - «Астана» 4:3 ОТ (1:2, 1:1, 1:0, 1:0)
1:0 - 06:54 - Дәулетбек (Козлов, Нуреев)
1:1 - 10:53 - Секербай (Әбдірахманов, Сатемиров) ГМ
1:2 - 12:02 - Сүлейменов ГМ
1:3 - 29:55 - Хидуанов (Графкин, Сулейменов)
2:3 - 30:21 - Байков (Венцель)
3:3 - 51:00 - Бикситов
4:3 - 61:02 - Тукин
Қақпашылар: Лаюров - Орешко

«Жас Батыр» Теміртауда өткен екінші ойында да чемпионат көшбасын жеңді. Қонақтар әр кезеңде бір-бір шайбадан соғып, өз қақпаларынашайба жуытпады. Шайба авторлары — Арсен Мұхамедияров, Никита Польский және Владислав Иконников. Давид Костоев өз қақпасын 37 рет құтқарып, сенімді ойын көрсетті.
«Кармет» - «Жас Батыр» 0:3 (0:1, 0:1, 0:1)
0:1 - 06:54 - Мухамедияров (Иконников, Польский)
0:2 - 24:45 - Польский
0:3 - 57:29 - Иконников (Бабичев, Польский)
Қақпашылар: Зюзин - Костоев
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Qarmet
Aqtóbe
Barys
Torpedo
Jas Batyr