Jastar Ligasy-ның Орал мен Ақтөбедегі матчтарын бақылаймыз.

«Ақтөбе» мен «Тұранның» екінші кездесуіндегі негізгі оқиғалар соңғы кезеңде өрбіді. Ойын иелері қарқынды ойын көрсетіп, екі рет басымдықты сәтті іске асырып, тоғызыншы рет қатарынан жеңіске жетті. Бұл нәтиже ақтөбеліктерге екінші орында тұрған «Барыспен» ұпай саны бойынша теңесуге мүмкіндік берді.
«Ақтөбе» - «Тұран Тайгерс» 5:2 (0:0, 0:0, 5:2)
1:0 - 44:36 - Артамонов (Катасонов, Потапов)
2:0 - 50:00 - Зубарев (Болат, Шипулин) ГБ
3:0 - 51:47 - Росхрест (Чекалин, Шпигун)
4:0 - 56:59 - Потапов (Катасонов, Росхрест) ГБ
4:1 - 57:40 - Любченко (Артюшин, Гизатулин) ГБ
5:1 - 58:55 - Катасонов (Росхрест, Потапов)
5:2 - 59:44 - Сенько (Гизатулин, Артюшин)
Қақпашылар: Шпигун - Байдек (Мельников, 56:59-59:59)

Мақсат Ильяс пен Мирас Серікболатовтың соққан шайбалары, сондай-ақ Богдан Гигановтың 37 сейві «Құлагерге» Оралда өткен «Сұңқармен» екінші кездесуде екі ұпай әкелді. Осы жетістіктің арқасында петропавлдықтар сегізінші орында тұрған «Тұран Тайгерсті» ығыстырып, плей-офф аймағына енді.
«Сұңқар» - «Құлагер» 1:2 (0:1, 0:1, 1:0)
0:1 - 15:28 - Илияс (Жантасов, Черней)
0:2 - 25:18 - Серикбулатов (Седов, Тузов) ГБ
1:2 - 46:03 - Родионов (Михеев)
Қақпашылар: Яговкин - Гиганов
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Qarmet
Aqtóbe
Barys
Torpedo
Jas Batyr