Астана Алматыдан қарымта қайтарды

28 qazan
135

«Астана» мен «Алматы» елордада екінші рет кездесті.

Бүгін мұз иелері дәлірек ойнады. Сұрмергендер Богдан Дровосеков, Амир Шукелов, Владимир Чепышкин және Ян Петренко өз есептерін толықтырды. «Астананың» қақпашысы Айнарбек Есен қақпаға бағытталған 14 соққының барлығын қайтарды. Осы жеңістің арқасында «Астана» төртінші орында тұрған «Торпедодан» небәрі бір ұпайға қалып отыр.

«Астана» - «Алматы» 4:0 (2:0, 1:0, 1:0)

1:0 - 06:23 - Дровосеков (Әбдірахманов)

2:0 - 16:26 - Шукелов (Оразгали, Қыдырбай)

3:0 - 33:20 - Чепышкин (Сатемиров, Әбдірахманов) ГБ

4:0 - 50:45 – Петренко

Қақпашылар: Есен - Павлов


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.