Торпедоның қатарынан бесінші жеңісі, Кармет чемпионаттағы 100 шайбасын салды, Горняк бірінші балын иемденді

30 qazan
474

Қазақстан жастар чемпионатының Өскемен мен Теміртаудағы матчтарын бақылайық.

«Торпедо» «Ақтөбені» жеңу үшін тер төкті, бұл өскемендік ұжымның қатарынан бесінші рет жетіп отырған жетістігі. Алаң иелері құрамынан сұрмергендер Алексей Трегубов, Даниэль Абденов, Руслан Чалкин мен Данил Челюк өз есептерін толтырды.

«Торпедо» - «Ақтөбе» 4:2 (1:0, 2:1, 1:1)

1:0 - 17:21 - Трегубов (Чалкин)

1:1 - 31:09 - Зубарев (Болат, Шипулин)

2:1 - 34:36 - Абденов (Асанов, Ботищев)

3:1 - 37:19 - Чалкин (Дубинкин, Мерзликин) ГБ

4:1 - 54:21 - Челюк (Ануфриев, Сагымбаев)

4:2 - 55:50 - Шпак (Катасонов) ГБ

Қақпашылар: Зиновьев - Шпигун

«Кармет» пен «Горняк» арасындағы екінші кездесуде командалар негізгі уақытта жеңімпазды анықтай алмады. Овертайм ұзаққа созылмады – Михаил Степанов «сары-қараларға» тағы бір жеңіс сыйлады. Ал «рудныйлықтар» үшін бұл ұпай – ағымдағы маусымдағы алғашқысы болды.

«Кармет» - «Горняк» 3:2 ОТ (1:0, 0:2, 1:0, 1:0)

1:0 - 13:11 - Гордин (Мырзатаев, Қалқабек)

1:1 - 21:22 - Исмаилов (Стенников)

1:2 - 24:21 - Стенников (Долганов)

2:2 - 46:31 - Нурканов (Борисов)

3:2 - 60:31 - Степанов (Қалқабек, Соколов)

Қақпашылар: Зюзин - Шапошник


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.