Ақтөбе Карметпен есеп теңестірді

31 qazan
425

Қазақстан жастар чемпионатындағы қазан айының бағдарламасы Өскемендегі матчпен аяқталды.

«Ақтөбе» Матфей Катасонов пен Артём Кошевниктің соққан шайбаларының арқасында «Торпедоны» үлкен еңбекпен жеңді. Қонақтар қақпашысы Кирилл Шпигун қақпаға бағытталған 46 соққыны қайтарды. Осы жеңістен кейін ақтөбеліктер ағымдағы чемпионаттың көшбасшысы «Карметпен» ұпай санын теңестірді.

«Торпедо» - «Ақтөбе» 1:2 (0:0, 1:2, 0:0)

0:1 - 25:40 - Катасонов (Артамонов) ГБ

1:1 - 29:17 - Трегубов

1:2 - 33:49 - Кошевник (Зубарев, Жумажан) ГБ

Қақпашылар: Зиновьев - Шпигун


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.