Тұран Алматыны жеңді

1 qarasha
515

Қарашаның алғашқы күнінде Jastar Ligasy-нда бір кездесу өтті.

Түркістанда жергілікті «Тұран» мен «Алматы» командалары өзара күш сынасты. Екі оңтүстік ұжымның тартысында бүгін «жолбарыстар» мықтырақ болып, нәтижелі үшінші кезең өткізіп, маусымдағы жетінші жеңісіне жетті және плей-офф аймағына енді. Қорғаушы Вадим Приморцев-Агеев дубльмен көзге түсті. Алаң иелерінің қақпашысы Михаил Байдек қақпаға бағытталған 42 соққыны қайтарды.

«Тұран Тайгерс» - «Алматы» 6:2 (1:1, 1:0, 4:1)

0:1 - 10:01 - Черныш (Ивановский)

1:1 - 14:56 - Любченко ГМ

2:1 - 34:44 - Сенько (Любченко)

3:1 - 49:17 - Нұрлан (Сенько)

4:1 - 54:08 - Мартынов (Сенько, Приморцев-Агеев) ГБ

5:1 - 56:50 - Приморцев-Агеев

6:1 - 57:51 - Приморцев-Агеев (Артюшин, Мартынов)

6:2 - 58:52 - Югай (Киялов)

Қақпашылар: Байдек - Павлов (Алибаев, 56:13-60:00)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.