Горняк маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

8 qarasha
639

Қазақстан жастар чемпионатындағы ойын күнінің жалғыз матчы Рудныйда өтті.

«Горняк» чемпионат көшбасшыларының бірі «Ақтөбені» овертаймда сенсация жасап жеңді. Ойын барысында қонақтар екі шайба айырмасымен алда тұрғанымен, рудныйлықтар таразы басын өз пайдасына аудара алды. Шешуші шайбаның авторы — Дмитрий Рязанов, ал Лев Крицин дубльмен көзге түсті. Жеңіліске қарамастан, батысқазақстандықтар турнир кестесінде таза бірінші орынға көтерілді.

«Горняк» - «Ақтөбе» 4:3 ОТ (0:1, 2:1, 1:1, 1:0)

0:1 - 15:58 - Шипулин (Кошевник, Жумажан) ГБ

0:2 - 27:08 - Потапов (Шипулин, Артамонов)

1:2 - 31:32 - Крицин (Стенников, Жумагалиев)

2:2 - 33:41 - Лопухов (Михальченко, Абдуллаев)

3:2 - 47:36 - Крицин ГБ

3:3 - 52:31 - Катасонов (Куминов, Шипулин)

4:3 - 60:35 - Рязанов (Крицин, Стенников)

Қақпашылар: Шинковский - Шпигун


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.