28 наурыз күні екі қалада Қазақстан жастар чемпионатының жартылай финалдық сериялары басталады. Жолдамалардың бірі елордада «Барыс» пен «Барыс-Жастың» арасында ойнатылады.
Тұрақты чемпионаттың жеңімпазы «Барыс» ¼ финалда «Мұнайшының» тарапынан айтарлықтай қарсылық көрмеді. Серия төрт кездесумен аяқталды, олардың біреуінде ғана павлодарлықтардың қақпасына оннан кем шайба аттанды.
«Барыс-Жас» «Астанамен» бес матч өткізді. Бұл серияда бастысы төртінші кездесу болып, Александр Березенскийдің ойыншылары буллиттер бойынша жеңді.
«Барыс» Нұр-Сұлтан (тұрақты чемпионаттың қорытындысы бойынша 1-ші орын) - «Барыс-Жас» Нұр-Сұлтан (4)
Плей-оффта салынған шайба: 39 – 21
Плей-оффта өткізілген шайба: 5 – 15
Тұрақты чемпионаттағы жекпе-жектер: 3:2, 4:3, 9:0, 4:2
Плей-оффтағы үздік бомбардир: Игорь Ищенко (11 ұпай, 5+6) – Владислав Сайко (9 ұпай, 8+1)
Тұрақты чемпионаттағы жекпе-жектің үздік бомбардирі: Роман Ермак (8 ұпай, 4+4) – Александр Фокин (3 балл, 3+1)
«Барыс» - биылғы плей-оффтың ең нәтижелі командасы.
Олег Шулаевтың командасы өзінің жеңістер легін жалғасыруда. Қазіргі таңда олардың саны 22-ге жетті (тұрақты чемпионат пен плей-оффты ескергенде).
«Барыс-Жастың» өкілі Владислав Сайко ағымдағы плей-оффтың үздік сұр мергені болып табылады.