28 наурыз күні екі қалада Қазақстан жастар чемпионатының жартылай финалдық сериялары басталады. Екінші финалист «Торпедо» мен «Ястребы» жекпе-жегінен кейін анықталады.
Өскемендіктер ¼ финалда «Қыранға» жеңуге еш мүмкіндік бермеді. «Торпедолықтар» бұл жекпе-жекте қорғанысқа мықты болды, және бұл тәсіл нәтиже әкелді. Қарағандылықтар төрт кездесу барысында барлығы үш шайба салып, тиісінше маусымды аяқтады.
Қазақстан жастар чемпионатының дебютанттары «Ястребы» плей-оффтың бірінші раундында «Арланның» арынын басты. Бұл серияда бес кездесудің төртеуі өте тартысты өтіп, үшеуі бір шайба айырмашылығымен аяқталды. Көкшетаулықтардың мықты соққылар бергеніне қарамастан, әрі қарай оралдықтар өтті.
«Торпедо» Өскемен (тұрақты чемпионаттың қорытындысы бойынша 2-ші орын) – «Ястребы» Орал (3)
Плей-оффта салынған шайба: 16 – 22
Плей-оффта өткізілген шайба: 3 – 16
Тұрақты чемпионаттағы жекпе-жектер: 6:2, 2:5, 2:3, 3:5
Плей-оффтағы үздік бомбардир: Степан Рифель (5 ұпай, 5+0) – Валерий Ницевич (14 ұпай, 5+9)
Тұрақты чемпионаттағы жекпе-жектің үздік бомбардирі: Валентин Попов (4 балл, 3+1) – Валерий Ницевич (9 ұпай, 2+7)
«Торпедо» - биылғы чемпионаттағы ең аз шайба өткізген команда.
Тұрақты чемпионаттың төрт жекпе-жегінің үшеуінде «Ястребы» жеңді.
Оралдықтардың өкілі Валерий Ницевич ағымдағы плей-офф ойындарының үздік бомбардирі болып табылады.