Jastar Ligasy-ның Өскемен мен Оралдағы матчтарын бақылаймыз.

«Торпедомен» өткен екінші матчтың 57-ші минутына дейін көкшетаулықтар оң нәтижеденүмітті болды. Алайда матч соңында алаң иелері таразы басын өз жағына аудара алды. Ағымдағы маусымдағы командасының жүзінші голын соққан Руслан Пальмтаг пен Данил Якушкин 33 секунд аралығында көзге түсіп, бұл серпіліс шешуші сәт болды. Екі жеңіліске қарамастан, «Арлан» әзірге плей-офф аймағындағы орнын сақтап тұр.
«Торпедо» - «Арлан» 5:3 (0:2, 1:0, 4:1)
0:1 - 14:39 - Нуреев (Ершов, Акименко)
0:2 - 16:05 - Сингатулин (Валеев)
1:2 - 34:14 - Мерзликин (Чалкин, Дубинкин)
2:2 - 41:25 - Трегубов (Дубинкин, Украинцев)
2:3 - 46:27 - Тукин (Байков)
3:3 - 55:22 - Худяков (Ануфриев, Пальмтаг)
4:3 - 57:00 - Пальмтаг (Худяков)
5:3 - 57:33 - Якушкин (Асанов)
Қақпашылар: Зиновьев - Лаюров

Ұқсас сценарий Оралдағы матчта да қайталанды. Екі кезеңнің қорытындысы бойынша «Тұран» есеп бойынша алда тұрған еді. Алайда соңғы кезең толықтай алаң иелерінің бақылауында өтті – олар осы бөлікте қарсыластарын төрт рет қапы қалдырды. Сергей Иваницкий мен Владислав Михеев есептеріне екі-екі голдан жазды. Соңғы төрт ойынның үшеуінде жеңіске жеткен «Сұңқар» плей-офф аймағында өз орнын нықтай түсті.
«Сұңқар» - «Тұран Тайгерс» 5:2 (0:1, 1:1, 4:0)
0:1 - 09:21 - Артюшин (Любченко, Приморцев-Агеев) ГБ
0:2 - 35:48 - Мартынов (Алихан, Габдулин)
1:2 - 37:07 - Иваницкий (Талерко)
2:2 - 47:25 - Иваницкий (Черников)
3:2 - 55:38 - Михеев (Родионов) ГБ
4:2 - 56:05 - Талерко (Иваницкий)
5:2 - 57:00 - Михеев (Серикбулатов, Суфьянов) ГБ
Қақпашылар: Яговкин - Байдек
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Qarmet
Barys
Aqtóbe
Jas Batyr
Torpedo