«Жолбарыстардың» солтүстіктегі қарымтасы, Алматының минималды жеңісі, Барыс Ақтөбеден басым түсті

13 jeltoqsan
577

Сенбіге Jastar Ligasy-нда төрт матч жоспарланды.

«Тұран» «Құлагерден» қарымта қайтару үшін үлкен тер төкті. Қонақтар құрамында Бекарыс Ержігіт (2+2) пен Ярослав Сенько (1+3) әрқайсысы төрт ұпайдан өз еншілеріне жазды. «Жолбарыстар» қақпашысы Михаил Байдек қақпаға бағытталған 39 соққыны қайтарды.

«Құлагер» - «Тұран Тайгерс» 3:6 (1:1, 2:3, 0:2)

1:0 - 13:31 - Телегин (Фролов, Илияс) ГБ

1:1 - 16:22 - Ержигит (Сенько, Мартынов)

1:2 - 20:45 - Мартынов (Ержигит, Сенько)

1:3 - 27:48 - Ержігіт (Сенько, Мартынов)

1:4 - 32:52 - Гизатулин (Любченко, Приморцев-Агеев)

2:4 - 34:48 - Тузов (Кузьмин, Спиридонов)

3:4 - 37:29 - Тузов (Рыбин, Спиридонов)

3:5 - 43:19 - Сенько (Ержигит)

3:6 - 48:23 - Приморцев-Агеев (Даулеталиев)

Қақпашылар: Валентюкевич (Гиганов, 48:30-60:00) - Байдек

«Астана» ойынды өте қарқынды бастап, «Горнякты» ірі есеппен жеңді. Елордалықтар құрамынан бірден алты ойыншы екі ұпайдан жинаса, қақпашы Айнарбек Есен өз еншісіне 17 сейв жазды.

«Астана» - «Горняк» 9:3 (4:0, 3:1, 2:2)

1:0 - 07:45 - Валиханов (Сатемиров)

2:0 - 09:27 - Джаукпаров (Положухно)

3:0 - 13:12 - Хидуанов (Чепышкин, Джаукпаров)

4:0 - 15:12 - Қыдырбай (Дровосеков)

5:0 - 23:34 - Секербай

6:0 - 28:58 - Сатемиров (Жумадильдинов)

7:0 - 30:33 - Чепышкин (Сулейменов)

7:1 - 39:44 - Бопп (Тютяев)

7:2 - 45:27 - Стенников (Долганов)

8:2 - 48:33 - Котлобаев (Валиханов) ГМ

9:2 - 50:59 - Мышляев (Дровосеков, Кыдырбай)

9:3 - 56:19 - Михальченко (Абдуллаев, Сергеев) ГБ

Қақпашылар: Есен - Ибраев (Камбаров, 09:27-60:00)

Көкшетауда өткен «Арлан» мен «Алматы» арасындағы екінші кездесуде барлығын Арыстан Әмірқановтың бір дәл соққысы шешті — ол екінші үзіліске бір секунд қалғанда мергендік танытты. Қонақтар қақпашысы Александр Павлов 23 сейв жасады.

«Арлан» - «Алматы» 0:1 (0:0, 0:1, 0:0)

0:1 - 39:59 - Әмірқанов (Югай, Марат)

Қақпашылар: Лаюров - Павлов

«Барыс» «Ақтөбені» тағы да жеңді. Командалардың екінші кездесуінде шешуші екінші кезең болды. Жеңіс шайбасының авторы — Әлішер Аманғалиев. Қақпашы Леонид Кравцов қақпаға бағытталған 24 соққыны қайтарды.

«Ақтөбе» - «Барыс» 1:6 (0:1, 0:4, 1:1)

0:1 - 03:15 - Мұқашев (Мейірман, Елдес)

0:2 - 21:25 - Аманғалиев (Шәкенов)

0:3 - 21:50 - Кенжеғали (Толстунов, Саттар)

0:4 - 23:10 - Тілеубаев (Кравченко, Ломако) ГБ

0:5 - 32:11 - Ломако (Кравченко, Тілеубаев)

1:5 - 51:42 - Артамонов (Катасонов, Болат) ГБ

1:6 - 54:44 - Қайыргелді (Церульников, Крутский)

Қақпашылар: Шпигун - Кравцов


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.