Алматы Құлагерге қарсы ойында маңызды жеңіске жетті, Арлан Мұнайшыны ойсырата жеңді

16 jeltoqsan
673

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні елдің жастар чемпионатында екі кездесу өтті.

«Құлагер» мен «Алматы» плей-оффқа шығу жолындағы тартысты күресті жалғастырып келеді, сондықтан командалардың өзара кездесуі бұл бәсекеде аса маңызды болды. Бүгін оңтүстік астаналық хоккейшілер дәлдірек ойнады. Кездесудің ең нәтижелі ойыншысы қонақтар сапындағы шабуылшы Арыстан Әмірқанов болды — ол бес голдық шабуылға (2+3) қатысқан. Данила Шевченко өз еншісіне төрт ұпай жазды. Ал петропавлдықтар құрамынан Роман Гридчин дубль авторы атанды.

«Құлагер» - «Алматы» 3:6 (0:1, 2:3, 1:2)

0:1 - 06:17 - Шевченко (Әмірқанов, Марат)

1:1 - 20:53 - Гридчин

1:2 - 23:23 - Әмірқанов (Марат, Шевченко)

1:3 - 23:54 - Аймағамбет (Ивановский)

2:3 - 30:00 - Гридчин (Хусаинов, Дрождин)

2:4 - 34:13 - Шевченко (Ивановский, Әмірқанов) ГМ

2:5 - 40:38 - Әмірқанов (Шевченко, Ырыс) ГБ

2:6 - 56:35 - Татаринцев (Марат, Әмірқанов)

3:6 - 56:59 - Зыбин (Спиридонов, Рыбин) ГБ

Қақпашылар: Роговской - Павлов

Плей-оффтың үздік сегіздігі үшін күрестен «Арлан» да шет қалған жоқ. Бүгін көкшетаулықтар қарқынды өткен үшінші кезеңнің арқасында «Мұнайшыны» тізе бүктірді. Қонақтардың қақпасына Богдан Залевский екі шайба соқса, Кирилл Байков командаластарына үш рет нәтижелі пас берді. Павлодарлықтар сапынан абырой шайбасын Руслан Қаршығаев соқты. Осы жеңістің арқасында «арландар» жинаған ұпай саны бойынша «Құлагермен» теңесті.

«Арлан» - «Мұнайшы» 7:1 (1:1, 2:0, 4:0)

0:1 - 06:18 - Қаршығаев (Гебель)

1:1 - 15:40 - Асқатұлы (Мирошниченко)

2:1 - 22:32 - Залевский (Байков)

3:1 - 28:26 - Залевский (Акибаев, Дархан)

4:1 - 48:53 - Мирошниченко (Кентаев, Байков)

5:1 - 51:16 - Толуспаев (Бикситов, Байков)

6:1 - 53:01 - Дәулетбек (Нуреев)

7:1 - 55:47 - Акименко (Кентаев, Тукин)

Қақпашылар: Аминов - Пушков


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.