Қазақстан жастар чемпионатының Петропавлдағы, Өскемен мен Рудныйдағы матчтарын бірге қадағалаймыз.

«Торпедо» өз айдынында «Астананы» сенімді түрде жеңді. Алаң иелері құрамынан сұрмергендер Алексей Трегубов, Роман Худяков, Никита Мерзликин және Владислав Ануфриев өз есептерін толықтырды.
«Торпедо» - «Астана» 4:1 (1:0, 2:1, 1:0)
1:0 - 17:08 - Трегубов (Белоусов, Мерзликин)
1:1 - 32:39 - Чепышкин (Абдрахманов) ГБ
2:1 - 36:19 - Худяков
3:1 - 37:30 - Мерзликин (Домрачев)
4:1 - 57:33 - Ануфриев (Пупков)
Қақпашылар: Грохотов - Есен

«Астананың» сүрінуін «Құлагер» тиімді пайдаланып, өз айдынында «Мұнайшыны» тағы да сенімді түрде жеңді. Алаң иелері сапында Артур Хусаинов пен Иван Седов хет-трик жасады. Максат Илияс бес нәтижелі пас беріп, ассистенттік пента-трик тіркеді. Павлодарлықтар қатарынан Тамерлан Сарсембаев екі гол соқты. Осы жеңістен кейін петропавлдықтар турнир кестесінде сегізінші орынға көтерілді.
«Құлагер» - «Мұнайшы» 8:3 (2:0, 2:1, 4:2)
1:0 - 04:34 - Хусаинов (Гридчин, Дрождин)
2:0 - 09:11 - Телегин (Черней, Илияс) ГБ
3:0 - 30:09 - Хусаинов (Гридчин, Спиридонов)
4:0 - 36:48 - Седов (Черней, Илияс)
4:1 - 39:15 - Калина (Сәрсембаев) ГБ
4:2 - 40:48 - Сәрсембаев (Липейко)
4:3 - 41:47 - Сәрсембаев (Бабешко) ГМ
5:3 - 42:22 - Седов (Илияс, Телегин) ГБ
6:3 - 52:11 - Спиридонов (Илияс, Телегин) ГБ
7:3 - 54:55 - Хусаинов (Илияс) ГМ
8:3 - 59:59 - Седов (Тузов) ГМ
Қақпашылар: Роговской - Плотников

«Арлан» «Горнякқа» еш мүмкіндік қалдырмады. Богдан Залевский мен Александр Акименко қарсылас қақпасына екі реттен дәл соққы жасады. Ал Тамерлан Толысбаев серіктестеріне үш нәтижелі пас берді.
«Горняк» - «Арлан» 0:6 (0:1, 0:2, 0:3)
0:1 - 06:54 - Залевский (Толысбаев, Кентаев) ГБ
0:2 - 20:26 - Залевский (Толысбаев, Бикситов)
0:3 - 31:07 - Акименко (Акибаев, Кентаев)
0:4 - 52:54 - Акименко ГМ
0:5 - 54:28 - Бикситов (Залевский, Толысбаев)
0:6 - 57:45 - Асқатұлы (Ерес, Лесников)
Қақпашылар: Шинковский - Аминов
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Qarmet
Barys
Almaty
Torpedo
Sunqar