«Барыс» пен «Кармет» плей-оффқа шықты. Желтоқсанның қорытындысы

28 jeltoqsan
212

Қазақстан жастар хоккей чемпионатындағы төртінші жарыс айын қорытындылаймыз.

Желтоқсанның қорытындысы бойынша осы маусымның плей-оффының алғашқы қатысушылар белгілі болды. «Барыс» пен «Кармет» турнир кестесінің төменгі бөлігіндегі қарсыластарын жеткізбей, кубоктік додадан өздеріне орын дайындап қойды. Астаналық команданың еншісінде 34 ойынның нәтижесінде 66 ұпай бар. Теміртау ұжымы 36 кездесуде 65 ұпай жинады.

Үздік үштікті 38 ойынның қорытындысы бойынша 55 ұпай жинаған «Ақтөбе» түйіндейді. Батыс Қазақстан командасына плей-оффқа жолдаманы толықтай қамтамасыз ету үшін іс жүзінде үш жеңіс жеткілікті.

Плей-оффқа шығу жарысын «Горняк» ресми түрде аяқтады. Ал маусымда бар болғаны бір ғана жеңіске жеткен «рудныйлықтар» секілді «Мұнайшының» да әлі теориялық мүмкіндігі бар. Алайда бұл үшін павлодарлықтарға қалған 16 матчтың бәрінде жеңіске жетіп, қарсыластарының толықтай сәтсіздікке ұшырауын күту қажет.

«Барыс» – қазіргі тұрақты чемпионаттағы ең нәтижелі ұжым. Андрей Шаяновтың шәкірттері 239 шайба соқты (ойын сайын орта есеппен 7 гол). Сонымен қатар астаналықтар қорғаныста да көш бастап тұр – небәрі 44 шайба жіберіп алған.

Қысқы маусымның алғашқы айындағы ең ірі жеңіске «Алматы» қол жеткізді. 3 желтоқсанда бұл команда Рудныйда «Горнякты» 17:1 есебімен ойсырата жеңді.

Осы кезеңдегі ең нәтижелі матч та «Горняктың» қатысуымен өтті. 26 желтоқсанда рудныйлықтар өз айдындарында «Карметке» 2:17 есебімен есе жіберді.

Тұрақты чемпионаттың ең үздік бомбардирі мен сұрмергені – Никита Рублёв. «Кармет» шабуылшысы 34 шайба соғып, командаластарына 31 рет нәтижелі пас берген.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.