Хоккейден Қазақстан жастар чемпионатындағы төртінші жарыс айын қорытындылайық.

Үздік қақпашы – Дулат Еркінов («Жас Батыр»)
Желтоқсан қақпашы мен оның командасы үшін айтарлықтай нәтижелі өтті. Еркінов мұз айдынында 417 минуттан астам уақыт өткізіп, жеті матчтың бесеуінде жеңіске жетті. Орта есеппен бір ойынға 1,73 шайбадан ғана өткізіп, соққылардың 95,18%-ын қайтарды және үш рет «құрғақ» матч өткізді.

Үздік қорғаушы – Павел Татаринцев («Алматы»)
Қазіргі кезеңде Татаринцев желтоқсанға дейінгі бүкіл чемпионаттағыдан екі есе көп ұпай жинады. Он кездесу нәтижесінде ол өз еншісіне 7 шайба мен 9 нәтижелі пас жазып, пайдалылық көрсеткіші +19 болды. Сондай-ақ Павел қарсыластардың 8 соққысын бөгеп, өзі 37 рет қарсылас қақпашыларын алаңдатты (жүзеге асыру көрсеткіші – 18,92%).

Үздік шабуылшы - Арыстан Әмірқанов («Алматы»)
Әмірқанов желтоқсан айын таңғажайып қарқынмен өткізді — бір матчта орта есеппен 3,1 ұпайдан жинады. Өткен кезеңде ол 10 ойынның 9-ында нәтижелі әрекетпен көзге түсті, ал бір кездесуде шабуылшы бірден 10 (!) ұпай еншіледі. Жалпы алғанда, Арыстан өз есебіне 13 гол мен 18 нәтижелі пас жазып, пайдалылық көрсеткіші +26 болды.
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Qarmet
Barys
Aqtóbe
Jas Batyr
Torpedo