Алматы Арланнан басым түсті, Әмірқанов хет-трик жасады, Құлагер Түркістанда жеңіске жетті, Жас Батыр төрттік үшін тартыста

9 qańtar
664

Қазақстанның жастар чемпионаты үш матчпен жалғасты.

«Алматы» өз мұзайдынында «Арланды» тізе бүктірді. Оңтүстік астаналық ұжымға жеңіс әкелген шешуші кезең – екінші ойын бөлімі болды. Кездесудің басты қаһарманы алаң иелерінің шабуылшысы Арыстан Әмірқанов атанып, хет-трик жасады. Александр Павлов қақпаға бағытталған 19 соққыны қайтарды. Осы жеңістен кейін алматылықтар плей-офф аймағындағы орнын нықтады. Ал көкшетаулықтар әлі де үздік сегіздіктен екі ұпайға қалып келеді.

«Алматы» - «Арлан» 4:2 (1:1, 2:0, 1:1)

1:0 - 10:48 - Әмірқанов (Марат, Ырыс)

1:1 - 17:17 - Байков (Лаюров)

2:1 - 32:53 - Әмірқанов (Манажанов, Марат)

3:1 - 37:04 - Әмірқанов (Шевченко, Татаринцев) ГМ

3:2 - 56:36 - Тукин (Кентаев)

4:2 - 59:16 - Марат

Қақпашылар: Павлов - Лаюров

«Құлагер» үшінші кезеңдегі қарқынды ойынының арқасында Түркістанда жеңіске жетті. Петропавлдықтар сапынан Роман Гридчин дубль авторы атанса, Максат Илияс өз еншісіне екі нәтижелі пас жазды. Абылайхан Төлеубай 26 соққыны қайтарды. Ал алаң иелері сапынан Глеб Любченко екі гол соқты.

«Тұран Тайгерс» - «Құлагер» 3:6 (1:1, 2:1, 0:4)

1:0 - 10:31 - Любченко

1:1 - 16:08 - Тузов (Рыбин)

1:2 - 23:25 - Илларионов (Илияс, Хусаинов)

2:2 - 26:59 - Сенько (Мартынов, Нурлан) ГБ

3:2 - 33:28 - Любченко (Гизатулин, Амангелди)

3:3 - 42:57 - Зыбин (Дрождин)

3:4 - 48:58 - Гридчин (Илияс)

3:5 - 52:30 - Гридчин

3:6 - 56:36 - Толстенев

Қақпашылар: Байдек (Мельников, 52:30-60:00) - Төлеубай

«Жас Батыр» өз алаңында «Астананы» сенімді түрде жеңіп, турнир кестесінде төртінші орында келе жатқан «Торпедомен» ұпай жағынан теңесті. Атыраулықтар үшін шешуші кезең екінші ойын бөлігі болды. Жеңімпаздар сапынан Егор Максимов дубль авторы атанса, алаң иелерінің қақпашысы Дулат Еркінов 38 сейв жасады.

«Жас Батыр» - «Астана» 5:2 (1:0, 3:1, 1:1)

1:0 - 00:35 - Максимов (Чокпаров, Польский)

1:1 - 20:26 - Сүлейменов (Хидуанов, Чепышкин)

2:1 - 23:24 - Юдин ШБ

3:1 - 28:25 - Базунц (Бондаренко, Конрадий)

4:1 - 32:24 - Иконников (Ильясов, Базунц)

4:2 - 48:54 - Смаганбет (Тагнер)

5:2 - 57:25 - Максимов (Польский, Иконников) ПВ

Қақпашылар: Еркінов - Есен (Орешко, 32:24- 60:00)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.