Jastar Ligasy-ның Павлодардағы, Өскемен және Түркістандағы матчтарын бақылаймыз.

Чемпионат көшбасшысы «Кармет» Өскеменде сенімді жеңіске жетті. Ойынның бастапқы бөлігінде-ақ алаң иелерінің қақпасына төрт шайба соғылды. Кездесудің басты қаһарманы «сары-қаралар» шабуылшысы Никита Рублёв болды — ол қарсыластарын төрт рет қапы қалдырды. Ал Алексей Зюзин командасына 32 сейв жасап көмектесті.
«Торпедо» - «Кармет» 2:6 (0:4, 2:1, 0:1)
0:1 - 12:21 - Божко (Симонов)
0:2 - 13:43 - Быков (Нұрқанов)
0:3 - 14:10 - Рублёв
0:4 - 16:56 - Рублёв (Давлетшин)
1:4 - 26:17 - Трегубов (Худяков, Карпов) ГМ
2:4 - 33:22 - Гасников (Белоусов, Челюк) ГБ
2:5 - 38:27 - Рублёв (Соколов, Қалқабек)
2:6 - 51:00 - Рублёв (Соколов, Қалқабек)
Қақпашылар: Зиновьев – Зюзин

Чемпионат аутсайдерлерінің тартысында бүгін павлодарлық хоккейшілер басым түсті. «Мұнайшы» сапында Юрий Калина хет-трик жасап көзге түссе, рудныйлық қарсыластардың қақпасына Павел Бабешков екі шайба соқты. Ал «Горняк» құрамынан абырой голын Юрий Сергеев салды.
«Мұнайшы» - «Горняк» 8:1 (4:1, 4:0, 0:0)
1:0 - 02:33 - Сафонов
2:0 - 03:42 - Сәрсембаев (Қаршығаев, Есеркепов)
2:1 - 06:36 - Сергеев (Стенников) ГБ
3:1 - 10:19 - Калина (Анциферов)
4:1 - 14:12 - Бабешко (Бекбаев, Есеркепов) ГБ
5:1 - 22:14 - Калина
6:1 - 27:39 - Бабешко (Қаршығаев) ГБ
7:1 - 28:59 - Липейко (Мелехов, Анциферов)
8:1 - 36:40 - Калина (Гривас)
Қақпашылар: Плотников (Пушков, 14:45-60:00) - Камбаров

«Жолбарыстар» әсерлі өткен екінші матчта «Құлагерден» қарымта қайтарды. Екі команда қосылып 13 нәтижелі шабуыл ұйымдастырды, ал бір шайбаға артық соққан алаң иелері болды. Түркістандықтар сапынан Глеб Любченко хет-трик жасаса, Мейіржан Нұрлан өз есебіне 5 (1+4) ұпай жазды. Ал петропавлдықтар құрамынан Мақсат Илияс хет-трик авторы атанды.
«Тұран Тайгерс» - «Құлагер» 7:6 (3:2, 2:2, 2:2)
1:0 - 05:47 - Ержігіт (Мартынов, Нұрлан)
2:0 - 10:18 - Сенько (Нұрлан, Приморцев-Агеев) ГБ
2:1 - 13:02 - Хусаинов
3:1 - 16:40 - Нурлан (Сенько, Ержігіт) ГБ
3:2 - 17:48 - Тузов
3:3 - 28:42 - Илияс (Телегин, Толстенев) ГБ
4:4 - 32:00 - Илияс ШБ
4:3 - 32:04 - Приморцев-Агеев (Нұрлан, Мартынов) ГМ
5:4 - 33:27 - Любченко (Мухамедияров)
6:4 - 42:00 - Любченко (Мұхамедияров, Нурлан)
6:5 - 43:45 - Илияс
7:5 - 45:49 - Любченко (Гизатулин, Мұхамедияров)
7:6 - 59:11 - Седов (Илияс)
Қақпашылар: Байдек - Валентюкевич (Төлеубай, 33:27-60:00)
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Qarmet
Barys
Almaty
Torpedo
Sunqar