Jastar Ligasy-ның Алматы, Атырау және Орал қалаларындағы матчтарын баылаймыз.

«Алматы» «Арланға» қарсы өткен екінші үй матчында ерік-жігер танытып, жеңіске жетті. Оңтүстік астана командасына жеңіс әкелген – Темірлан Марат пен Данила Шевченконың дәл соққылары, сондай-ақ Александр Павловтың еншісіндегі 26 сейв.
«Алматы» - «Арлан» 2:1 (0:0, 0:1, 2:0)
0:1 - 20:31 - Нуреев (Кентаев, Бикситов)
1:1 - 49:32 - Марат (Югай)
2:1 - 56:46 - Шевченко (Әмірқанов)
Қақпашылар: Павлов - Лаюров

«Жас Батыр» екінші кезеңде қарқынды ойын көрсетіп, «Астананы» тізе бүктірді. Егор Максимов «елордалықтардың» қақпасына екі шайба соқса, алаң иелерінің қақпашысы Давид Костоев қарсыластар жасаған 33 соққыны тойтарды. Қонақтар сапынан Нұрали Оразғали екі дәл соққымен көзге түсті.
«Жас Батыр» - «Астана» 5:3 (0:1, 3:0, 2:2)
0:1 - 09:49 - Оразғали (Қыдырбай, Чепышкин)
1:1 - 33:23 - Бағытжанов (Юдин, Бабичев) ГБ
2:1 - 34:22 - Максимов (Иконников)
3:1 - 37:30 - Максимов (Иконников) ГМ
4:1 - 43:31 - Конрадий (Базунц)
4:2 - 45:34 - Оразғали (Қыдырбай, Дровосеков)
4:3 - 58:08 - Қыдырбай ГБ
5:3 - 59:22 - Иконников (Максимов)
Қақпашылар: Костоев - Орешко (Есен, 43:31-60:00)

«Барыс» «Карметтен» қатарынан екі рет жеңілгеннен кейін Оралда «Сұңқарды» үлкен еңбекпен жеңді. Елорда командасы сапынан Данил Дронов пен Тамерлан Тілеубаев шайба соғып көзге түсті. Ал Леонид Кравцов өз еншісіне 21 сейв жазды.
«Сұңқар» - «Барыс» 1:2 (0:1, 0:1, 1:0)
0:1 - 15:27 - Дронов (Кенжеғали, Саттар)
0:2 - 35:51 - Тілеубаев (Қабдуали, Айтмағамбетов)
1:2 - 48:28 - Иваницкий (Черников, Әуезбай) ГБ
Қақпашылар: Шарипов - Кравцов
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Qarmet
Barys
Almaty
Torpedo
Sunqar