Торпедо мен Жас Батырдың түздегі жеңістері, Барыс Тұран Тайгерсті тырп еткізбеді

23 qańtar
165

Қазақстан жастар чемпионатының Петропавл, Рудный және Астана қалаларындағы матчтарын бақылаймыз.

«Торпедо» елдің солтүстігінде өткен екінші ойынында да жеңіске жетті. Қонақтар сапында Данил Челюк хет-трик авторы атанса, Владислав Ануфриев екі нәтижелі пас берді. Давид Зиновьев қақпаға бағытталған 24 соққыны тойтарды.

«Құлагер» - «Торпедо» 2:5 (0:2, 2:1, 0:2)

0:1 - 07:34 - Челюк (Белоусов)

0:2 - 19:13 - Челюк (Домрачев)

1:2 - 21:30 - Хусаинов

2:2 - 28:23 - Черней (Скляр, Фролов) ГБ

2:3 - 35:14 - Ботищев (Пупков)

2:4 - 42:57 - Худяков (Трегубов, Ануфриев) ГБ

2:5 - 53:11 - Челюк (Гасников, Ануфриев)

Қақпашылар: Валентюкевич - Зиновьев

«Жас Батыр» Рудныйда сүрінген жоқ. 50-минутқа қарай таблода тең есеп тіркелгенімен, матчтың соңғы минуттары атыраулық ұжымның басымдығымен өтті. Қонақтардың үш голдық шабуылына Владислав Иконников тікелей қатысты (2+1).

«Горняк» - «Жас Батыр» 1:4 (0:0, 1:1, 0:3)

1:0 - 23:16 - Долганов (Бопп, Здоровенко)

1:1 - 27:12 - Иконников (Багитжанов) ГМ

1:2 - 50:51 - Иконников (Ильясов) ГБ

1:3 - 53:53 - Максимов (Бабичев)

1:4 - 58:59 - Забурдяев (Иконников)

Қақпашылар: Шинковский - Амангали

«Барыстар» мен «тайгерс» арасындағы нәтижелі текетіресте елордалық команда жеңіске жетті. Әсіресе, алаң иелері үшін шешуші кезең өте өнімді болды — соңғы үшінші кезеңде олар қарсыластар қақпасына алты шайба соқты. «Барыс» командасының көшбасшысы Нұрали Айтмағамбетов покермен көзге түссе, Данил Дронов пен Леонид Шакенов әрқайсысы екі голдан өз еншілеріне жазды. Ал түркістандықтар сапынан Глеб Любченко хет-трик авторы атанды.

«Барыс» - «Тұран Тайгерс» 12:4 (3:1, 3:2, 6:1)

1:0 - 02:54 - Дронов (Кенжеғали)

2:0 - 08:59 - Шакенов (Аманғалиев, Крутский)

3:0 - 18:44 - Гафуров (Кубатаев)

3:1 - 19:31 - Любченко (Приморцев-Агеев, Мухамедияров)

4:1 - 20:14 - Қабдуали (Айтмағамбетов)

4:2 - 23:28 - Любченко (Приморцев-Агеев, Мұхамедияров) ГБ

5:2 - 24:35 - Айтмағамбетов (Қабдуали, Тілеубаев)

5:3 - 36:26 - Мұхамедияров (Приморцев-Агеев) ГБ

6:3 - 37:36 - Айтмағамбетов (Қайыргелді, Қабдуали)

7:3 - 40:31 - Айтмағамбетов (Ломако)

8:3 - 46:03 - Шегебаев (Мұқашев, Гафуров) ГБ

9:3 - 46:30 - Дронов (Саттар, Кенжеғали)

10:3 - 48:52 - Аманғалиев

11:3 - 56:33 - Айтмағамбетов (Қабдуали, Ломако)

12:3 - 57:44 - Шәкенов

12:4 - 59:28 - Любченко (Нұрлан, Мартынов) ГБ

Қақпашылар: Қуат - Синдеев (Мельников, 37:36-46:30)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.