Ақтөбе, Астана және Алматы қалаларында өтіп жатқан Jastar Ligasy матчтарын бақылаймыз.

«Ақтөбе» мен «Мұнайшы» арасындағы алғашқы кездесу көпшілік үшін күтпеген жерден овертайммен аяқталды. Қос ұпайды алаң иелеріне Ярослав Герасимовтың дәл соққысы сыйлады. Жеңімпаздар сапынан Никита Коротких дубль авторы атанды. Осы жеңістің арқасында «Ақтөбе» тұрақты чемпионат қорытындысы бойынша үшінші орынға тұрақтады.
«Ақтөбе» - «Мұнайшы» 5:4 ОТ (2:1, 1:2, 1:1, 1:0)
1:0 - 01:11 - Потапов (Болат, Катасонов) ГБ
2:0 - 04:56 - Коротких (Кошевник, Зубарев)
2:1 - 14:32 - Қаршығаев (Есеркепов, Сәрсембаев)
3:1 - 27:41 - Чекалин (Болат, Шипулин)
3:2 - 33:41 - Сәрсембаев
3:3 - 37:35 - Бабешко (Қаршығаев, Калина)
4:3 - 44:16 - Коротких (Потапов, Кошевник)
4:4 - 52:24 - Анциферов (Есеркепов, Краснов)
5:4 - 64:32 - Герасимов (Челбаевский, Коротких)
Қақпашылар: Литвинцев - Плотников

«Астана» нәтижелі өткен екінші кезеңнің арқасында «Арланды» тағы да жеңіп, плей-офф аймағындағы орнын нығайтты. Көкшетаулық қарсыластар қақпасын Владимир Чепышкин мен Абдуррахим Қыдырбай екі реттен дәл көздеді. Елордалық команда қақпашысы Айнарбек Есен қақпаға бағытталған 26 соққыны қайтарды. Қонақтар сапынан абырой голын Ерасыл Кентаев соқты.
«Астана» - «Арлан» 5:1 (1:0, 4:0, 0:1)
1:0 - 19:59 - Чепышкин (Хидуанов, Валиханов)
2:0 - 23:26 - Дровосеков (Қыдырбай, Оразғали)
3:0 - 27:23 - Қыдырбай (Ерболат, Валиханов)
4:0 - 32:40 - Чепышкин (Графкин)
5:0 - 34:40 - Қыдырбай (Ерболат, Оразғали)
5:1 - 47:59 - Кентаев (Тукин)
Қақпашылар: Есен - Аминов (Лаюров, 34:40-60:00)

«Алматы» мен «Торпедоға» жеңімпазды анықтау үшін негізгі уақыт пен овертаймдағы 65 минут та жеткіліксіз болды. Буллиттер сериясында өскемендіктер дәлдік танытты. Жеңіс шайбасын Владислав Ануфриев соғып, хет-трик авторы атанды.
Осы жетістіктің арқасында қонақтар төртінші орынға көтерілді және осы орын өскемендіктер үшін тұрақты чемпионаттағы қорытынды орын болуы әбден мүмкін.
«Алматы» - «Торпедо» 3:4 Б (1:2, 0:1, 2:0, 0:0, 0:1)
0:1 - 04:21 - Ануфриев (Челюк, Худяков)
0:2 - 06:13 - Дубинкин (Ануфриев)
1:2 - 13:52 - Әмірқанов
1:3 - 24:51 - Ануфриев (Челюк, Габазов)
2:3 - 44:08 - Шевченко
3:3 - 52:40 - Марат (Шевченко, Әмірқанов)
3:4 - 65:00 – Ануфриев ПБ
Қақпашылар: Павлов - Грохотов
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Qarmet
Barys
Aqtóbe
Torpedo
Jas Batyr