Jastar Ligasy плей-оффының барлық қатысушылары анықталды

10 aqpan
585

Кешкі матчтар сериясының қорытындысы бойынша маусымды плей-офф кезеңінде жалғастыратын сегіз команда анықталды.

Чемпионат көшбасшысы «Кармет» «Құлагерге» тағы да мүмкіндік бермей, осы тұрақты маусымдағы 40-жеңісіне қол жеткізді. «Сары-қаралардың» төрт нәтижелі шабуылына Илья Гареев (1+3) қатысты. Қақпашы Фёдор Илларионов 18 сейв жасады.

«Кармет» - «Құлагер» 8:2 (3:1, 2:0, 3:1)

1:0 - 02:54 - Гареев (Нұрқанов, Давлетшин)

1:1 - 03:29 - Хусаинов

2:1 - 08:45 - Давлетшин (Гареев, Винтовкин)

3:1 - 16:11 - Борисов (Нурканов, Давлетшин)

4:1 - 27:08 - Винтовкин (Гареев)

5:1 - 39:45 - Симонов (Гордин, Нұрқанов)

5:2 - 40:21 - Хусаинов (Седов, Илияс)

6:2 - 52:46 - Божко (Симонов, Гареев) ГБ

7:2 - 53:30 - Соколов (Қалқабек) ГБ

8:2 - 56:24 - Гордин (Сәруарбек, Симонов) ГБ

Қақпашылар: Илларионов - Валентюкевич

«Карметті» өкшелеп қуып келе жатқан «Барыс» та қателік жібермей, «Тұран Тайгерсті» құрғақ есеппен ірі жеңіске ұшыратты. Нұрали Айтмағамбетов пен Леонид Шакенов екі голдан соқты. Осы жеңілістен кейін түркістандықтар плей-оффқа шығу мүмкіндігін ресми түрде жоғалтты.

«Тұран Тайгерс» - «Барыс» 0:10 (0:5, 0:4, 0:1)

0:1 - 03:43 - Ломако (Саттар, Шәкенов)

0:2 - 10:27 - Церульников (Аманғалиев, Шакенов)

0:3 - 13:32 - Аманғалиев (Тілеубаев) ГМ

0:4 - 18:05 - Саттар (Кенжеғали, Дронов)

0:5 - 19:12 - Айтмағамбетов

0:6 - 21:31 - Шакенов (Аманғалиев)

0:7 - 28:38 - Тілеубаев (Кабдуали, Айтмағамбетов) ГБ

0:8 - 31:42 - Шакенов (Аманғалиев) ГБ

0:9 - 37:33 - Айтмағамбетов (Қабдуали, Айболұлы)

0:10 - 56:46 - Алпкарин (Гафуров) ГМ

Қақпашылар: Байдек (Мельников, 31:42-60:00) - Кучковский

«Горняк» Оралда бірде-бір шайба соға алмады. Екінші кездесуде де алаң иелері құрғақ жеңіске жетіп, осылайша тұрақты чемпионат бағдарламасын қорытындылады. Рудныйлық қарсыластар қақпасын Әмір Әуезбай мен Михаил Черников екі реттен дәл көздеді. Абай Шәріпов 13 сейв жасады.

«Сұңқар» - «Горняк» 6:0 (1:0, 3:0, 2:0)

1:0 - 04:06 - Черников (Иваницкий)

2:0 - 26:07 - Серікболатов (Өтепқалиев, Әуезбай)

3:0 - 30:35 - Әуезбай (Перцев, Михеев) ГБ

4:0 - 38:25 - Черников (Иваницкий, Родионов) ГБ

5:0 - 40:55 - Әуезбай (Перцев, Серікболатов) ГБ

6:0 - 59:24 - Костенко (Серікболатов)

Қақпашылар: Шәріпов – Камбаров

Осылайша, «Тұранның» жеңілісінен кейін плей-офф кезеңіне берілетін жетінші және сегізінші жолдамаларды «Сұңқар» мен «Астана» иеленді. Тұрақты чемпионаттың қалған ойындары аяқталған соң турнир кестесіндегі қорытынды орындар толық анықталады.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.