Ақтөбедегі екінші овертайм, Алматы Торпедодан қарымта қайтарды, Барыс маусымдағы 40-шы матчын жеңді

11 aqpan
536

Сәрсенбі күніне Қазақстан жастар чемпионатында үш матч жоспарланған.

«Мұнайшы» «Ақтөбеге» қарсы сырт алаңдағы кездесуде тағы да бір ұпай еншіледі. Алаң иелері таразы басын өз пайдасына тек овертаймның үшінші минуты аяқталар сәтте аударды. Батысқазақстандықтар сапынан Ярослав Челбаевский мен Артём Кошевник екі-екіден шайба соқты, ал Андрей Шпак серіктестеріне үш нәтижелі пас берді. Павлодарлықтар құрамында ең нәтижелі ойыншы Павел Бабешко болды (2+1).

Осылайша, «Ақтөбе» тұрақты чемпионатты 73 ұпаймен аяқтап, плей-офф басталар алдында үшінші орынға тұрақтады.

«Ақтөбе» - «Мұнайшы» 6:5 ОТ (2:1, 3:1, 0:3, 1:0)

0:1 - 06:38 - Қаршығаев (Бабешко, Есеркепов)

1:1 - 08:39 - Кошевник (Герасимов)

2:1 - 19:47 - Болат (Потапов, Шпак) ГБ

3:1 - 26:41 - Кошевник (Коротких, Шпак)

4:1 - 27:14 - Артамонов (Шпак)

5:1 - 30:02 - Челбаевский ГМ

5:2 - 33:04 - Бабешко (Қаршығаев)

5:3 - 46:22 - Калина (Краснов, Анциферов)

5:4 - 55:36 - Сәрсембаев (Анциферов, Шишикин)

5:5 - 56:47 - Бабешко (Қаршығаев)

6:5 - 62:58 - Челбаевский (Катасонов, Потапов)

Қақпашылар: Роговской - Плотников (Пушков, 30:02-62:58)

«Алматы» өз алаңында «Торпедоға» қарсы кездесуде үш ұпай еншіледі. Бүгін оңтүстік астана ұжымына жеңіс сыйлағандар — дубль авторы Эмир Рузбакиев, сондай-ақ Мансур Отоудинов, Темірлан Марат және Данила Шевченконың дәл соққылары болды.

«Алматы» - «Торпедо» 5:3 (1:0, 3:2, 1:1)

1:0 - 01:58 - Рузбакиев (Шмидт)

2:0 - 22:31 - Рузбакиев (Ивановский, Мураталиулы)

2:1 - 28:45 - Ануфриев (Гасников, Белоусов)

3:1 - 32:45 - Отоудинов (Шевченко)

4:1 - 34:59 - Марат (Курносенко)

4:2 - 37:27 - Челюк (Ануфриев, Белоусов)

5:2 - 40:31 - Шевченко (Әмірқанов, Сергиенко)

5:3 - 55:57 - Трегубов (Худяков, Челюк)

Қақпашылар: Яковенко (Павлов, 55:24-60:00) - Осенин (Грохотов, 32:45-60:00)

«Тұран» Түркістандағы екінші ойында да «Барысқа» ештеңе қарсы қоя алмады. «Жолбарыстардың» қақпасын Амир Алпқарин мен Тамерлан Тілеубаев екі реттен дәл көздеді. Сонымен қатар елордалық ұжым лигада бірінші болып тұрақты чемпионатта 300 шайба межесінен асты. Мерейтойлық шайбаның авторы — Әмірхан Шегебаев. «Барыстар» чемпионат көшбасшысы «Карметтен» арадағы алшақтықты үш ұпайға дейін қысқартты.

«Тұран Тайгерс» - «Барыс» 1:9 (1:5, 0:3, 0:1)

0:1 - 01:34 - Шакенов (Аманғалиев)

0:2 - 02:39 - Тілеубаев (Айтмағамбетов, Ломако) ГБ

1:2 - 10:15 - Любченко (Гизатулин, Приморцев-Агеев)

1:3 - 13:01 - Кабдуали (Айтмағамбетов)

1:4 - 19:06 - Алпкарин

1:5 - 19:27 - Дронов (Сидоренко, Гафуров)

1:6 - 24:52 - Шегебаев (Шакенов) ГБ

1:7 - 30:50 - Алпкарин (Кенжеғали)

1:8 - 32:01 - Айтмағамбетов (Шегебаев, Қабдуали)

1:9 - 54:48 - Тілеубаев (Алпкарин, Қабдуали)

Қақпашылар: Синдеев - Куат


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.