Астана мен Сұңқардың плей-офф алдындағы орындары анықталды

13 aqpan
608

Қазақстан жастар чемпионатындағы жұмыс аптасы екі кездесумен аяқталады.

«Астана» нәтижелі өткен ойында «Құлагерге» жол беріп, тұрақты маусым қорытындысы бойынша турнирлік жағдайын жақсарту мүмкіндігінен айырылды. Қызығы, кездесудің соңында елордалықтар екі шайбаның есесін қайтарып, есепті теңестіре алды. Алайда финалдық сиренаға 8 секунд қалғанда дубль авторы атанған Максат Ілияс дәл соққымен қонақтарға жеңіс сыйлады. Петропавлдықтардың төрт нәтижелі шабуылына Иван Седов (1+3) қатысты. Алаң иелері сапында Богдан Дровосеков хет-трик жасады.

Осылайша, «Астана» плей-офф басталар алдында сегізінші орынға тұрақтады. «Сұңқар» қорытынды жетінші орынды иеленеді.

«Астана» - «Құлагер» 6:7 (1:1, 1:2, 4:4)

1:0 - 18:12 - Шевченко (Габдулин)

1:1 - 19:55 - Черней (Седов, Толстенев) ГБ

2:1 - 22:04 - Дровосеков (Кыдырбай, Тагнер)

2:2 - 28:11 - Кузьмин (Гридчин, Тузов)

2:3 - 32:25 - Хусаинов (Седов, Черней)

2:4 - 40:59 - Илияс (Волосатов, Седов) ГБ

3:4 - 42:11 - Дровосеков

4:4 - 43:39 - Қалиев (Шевченко, Чепышкин)

4:5 - 48:50 - Спиридонов (Козлов, Зыбин)

4:6 - 54:40 - Седов (Хусаинов) ГМ

5:6 - 55:56 - Қыдырбай ГБ

6:6 - 57:16 - Дровосеков (Оразғали, Қыдырбай) ГБ

6:7 - 59:52 - Илияс (Хусаинов)

Қақпашылар: Есен - Валентюкевич

«Кармет» «Арланмен» үйдегі кездесуде қателік жібермеді. Теміртаулықтар бірінші және екінші кезеңдерде қарсыластар қақпасын екі реттен дәл көздеп, қорғаныста өте сенімді ойын көрсетті. Өз есептерін сұрмергендер Тимофей Симонов, Никита Рублёв, Абылхаир Саруарбек және Лев Гордин толықтырды. Алексей Зюзин қақпаға бағытталған 22 соққының барлығына тойтарыс берді.

«Кармет» - «Арлан» 4:0 (2:0, 2:0, 0:0)

1:0 - 07:15 - Симонов (Божко, Быков) ГМ

2:0 - 10:11 - Рублёв (Лигай, Ольденбургер) ГБ

3:0 - 30:52 - Саруарбек (Божко, Быков)

4:0 - 37:22 - Гордин (Божко, Ольденбургер)

Қақпашылар: Зюзин - Аминов


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.