Қызу сенбі күні қазақстандық хоккей жанкүйерлеріне Jastar Ligasy аясында бес матч сыйлайды.

«Астана» мен «Құлагер» елордалық көрермендерді қуантқан нәтижелі ойын өткізді. Жеңімпаз тек буллиттер сериясында анықталды. Бұл кезеңде алаң иелері дәлірек болып, шешуші соққының авторы Богдан Дровосеков атанды. Петропавлдық қарсыластар қақпасын Ибрагим Әбдірахманов екі рет дәл көздеді.
Осылайша, «Астана» тұрақты чемпионатты 50 ұпаймен аяқтап, сегізінші орынға тұрақтады. Ал «Құлагер» 35 ұпай жинап, 10-орында қалып, кубоктік сегіздікке ене алмады.
«Астана» - «Құлагер» 5:4 Б (1:0, 0:2, 3:2, 0:0, 1:0)
1:0 - 08:43 - Шевченко (Чепышкин) ГБ
1:1 - 32:02 - Козлов
1:2 - 38:25 - Рыбин (Зайныш)
1:3 - 43:43 - Жантасов (Круглов)
2:3 - 50:18 - Әбдірахманов (Мейрам, Шевченко)
3:3 - 56:17 - Чепышкин (Шевченко) ГБ
4:3 - 57:55 - Әбдірахманов (Ерболат, Мейрам)
4:4 - 59:20 - Седов (Илияс, Хусаинов) ГБ
5:4 - 65:00 – Дровосеков ПБ
Қақпашылар: Теплов - Төлеубай

Рудный қаласындағы жанкүйерлер де буллиттер сериясының куәсі болды. Бұл жолы да алаң иелері сәтті өнер көрсетіп, матч барысында 0:2 есебінен таразы басын теңестіре алды. Өз есептерінт сұрмергендер Ислам Абдуллаев, Климентий Михальченко және Давид Стенников толықтырды. Александр Шинковский өз еншісіне 30 сейв жазды.
«Горняк» - «Мұнайшы» 3:2 Б (0:2, 1:0, 1:0, 0:0, 1:0)
0:1 - 09:22 - Бабешко (Есеркепов, Сарсембаев) ГБ
0:2 - 13:16 - Калина (Краснов, Шишикин) ГБ
1:2 - 24:49 - Абдуллаев (Лопухов)
2:2 - 59:30 - Михальченко (Стенников, Федоров) ГБ
3:2 - 65:00 – Стенников ПБ
Қақпашылар: Шинковский - Пушков
«Торпедо» шешуші үшінші кезеңдегі қарқынды ойынының арқасында «Тұранның» қарсылығын еңсерді. Жеңіс шайбасының авторы — Jastar Ligasy-дағы алғашқы голын соққан Александр Павлюхин. Владислав Ануфриев серіктестеріне үш нәтижелі пас берді. Түркістандықтар сапынан Бекарыс Ержігіт пен Ярослав Сенько (екеуі де 1+3) төрт ұпайдан еншіледі.
«Тұран Тайгерс» - «Торпедо» 4:6 (1:1, 0:1, 3:4)
1:0 - 06:30 - Сенько (Мартынов, Ержигит)
1:1 - 06:41 - Якушкин
1:2 - 34:12 - Сағымбаев (Ануфриев)
1:3 - 42:30 - Пупков (Барбанаков, Ботищев)
1:4 - 46:30 - Худяков (Ануфриев)
1:5 - 47:21 - Павлюхин (Трегубов)
1:6 - 56:04 - Белоусов (Ануфриев) ГМ
2:6 - 56:34 - Нурлан (Ержігіт, Сенько) ГБ
3:6 - 59:08 - Ержігіт (Сенько, Мартынов)
4:6 - 59:58 - Приморцев-Агеев (Ержігіт, Сенько)
Қақпашылар: Синдеев (Мельников, 47:21-60:00) - Грохотов

Оңтүстік астанада өткен алғашқы кездесуде «Алматы» «Барысқа» еш қарсылық көрсете алмады. Елордалық ұжым сапында Нұралы Айтмағамбетов пен Андрей Церульников дубль авторы атанды. Қонақтардың төрт нәтижелі шабуылына Алдияр Қабдуәли (1+3) қатысып, көзге түсті.
«Алматы» - «Барыс» 1:10 (0:2, 0:3, 1:5)
0:1 - 07:58 - Церульников (Қабдуали)
0:2 - 13:10 - Кабдуали (Айтмағамбетов, Ломако) ГБ
0:3 - 25:10 - Харченко (Кубатаев, Гафуров) ГБ
0:4 - 28:00 - Церульников
0:5 - 39:33 - Айтмағамбетов (Кабдуали)
1:5 - 48:32 - Сергиенко (Ахалбеков)
1:6 - 51:53 - Айтмағамбетов (Толстунов, Тілеубаев)
1:7 - 53:51 - Гафуров (Харченко, Дронов)
1:8 - 54:15 - Кубатаев (Мейірман)
1:9 - 58:44 - Саттар (Кенжегали, Шакенов)
1:10 - 59:58 - Тілеубаев (Ломако, Қабдуали)
Қақпашылар: Колесник (Павлов, 54:15-60:00) - Кравцов
Кесте көшбасшысы «Кармет» те сенімді жеңіске жетіп, тұрақты маусымдағы соңғы матчында «Арлан» қақпасына 10 шайба соқты. Негізгі уақытта тіркелген бұл жеңіс «сары-қаралар» үшін биылғы чемпионаттағы 40-шы жеңіс болды. Дубль авторлары — Алексей Буяльский мен Никита Рублёв.
Нәтижесінде Максим Худяковтың шәкірттері 87 ұпай жинады. «Арлан» маусымды 32 ұпаймен 11-орында аяқтады.
«Кармет» - «Арлан» 10:1 (1:0, 3:1, 6:0)
1:0 - 05:50 - Буяльский (Маринин, Алтухов) ГБ
2:0 - 24:35 - Божко (Нұрбеков)
2:1 - 30:37 - Бикситов (Дархан, Кентаев) ГБ
3:1 - 36:55 - Быков (Саруарбек, Нұрқанов)
4:1 - 37:50 - Нұрбеков (Божко)
5:1 - 42:23 - Буяльский (Стариненко, Вагнер) ГБ
6:1 - 44:32 - Гордин (Нұрқанов, Божко)
7:1 - 44:59 - Вагнер (Алтухов)
8:1 - 46:49 - Рублёв (Соколов, Қалқабек)
9:1 - 51:12 - Рублёв (Қалқабек, Лигай)
10:1 - 58:47 - Гареев (Рублёв)
Қақпашылар: Илларионов - Лаюров (Аминов, 44:59 - 60:00)
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Qarmet
Barys
Almaty
Torpedo
Sunqar