Жастар командалары тұрақты маусым аясындағы соңғы кездесулерін өткізді.

«Мұнайшы» Рудныйда қарымта қайтарды. Қонақтар сапынан Тамерлан Сәрсембаев дубль авторы атанды. Тұрақты чемпионат қорытындысы бойынша павлодарлықтар 13 ұпай жинап, 12-орынға тұрақтады. «Горняк» 5 ұпаймен Лига кестесінің соңын түйіндеді.
«Горняк» - «Мұнайшы» 2:4 (1:2, 1:1, 0:1)
0:1 - 12:39 - Сәрсембаев (Шишикин, Бабешко) ГБ
1:1 - 16:13 - Жумагалиев
1:2 - 16:49 - Калина (Шишикин, Краснов)
1:3 - 24:10 - Сәрсембаев (Мелехов)
2:3 - 28:18 - Абдуллаев (Федоров, Лопухов)
2:4 - 59:15 - Краснов (Калина)
Қақпашылар: Шинковский - Плотников

«Тұран Тайгерс» Jastar Ligasy-ндағы алғашқы маусымын «Торпедоға» есе жіберумен аяқтады. Өскемендіктер үшін жеңіс шайбасын Захар Белоусов соқты. Вадим Грохотов 19 сейв жасады.
«Тайгерс» 41 ұпай жинап, плей-офф аймағынан бір қадам қалып, тоғызыншы орынға тұрақтады. Ал 66 ұпайы бар «Торпедо» шешуші кезең қарсаңында төртінші нөмірлі орынға ие болды.
«Тұран Тайгерс» - «Торпедо» 1:4 (0:0, 0:1, 1:3)
0:1 - 31:12 - Худяков (Ануфриев, Челюк) ГБ
0:2 - 48:17 - Белоусов (Трегубов, Чалкин)
0:3 - 48:32 - Якушкин (Пальмтаг, Ергешев)
1:3 - 49:52 - Любченко (Мұхамедияров, Приморцев-Агеев)
1:4 - 52:20 - Челюк (Сағымбаев, Худяков)
Қақпашылар: Мельников - Грохотов

«Барыс» түзде «Алматының» қарсылығын еңсерді. Елордалық ұжымға жеңіс әкелген шайбалардың авторлары — Андрей Церульников, Леонид Шакенов және Нұралы Айтмағамбетов. Арсений Кучковский 23 сейв жасады.
Оңтүстік астана командасы плей-офф қорытындысы бойынша 54 ұпаймен алтыншы орнын сақтап қалды. «Барыстар» 84 ұпай жинап, плей-оффты екінші орыннан бастайды.
«Алматы» - «Барыс» 2:3 (1:1, 1:2, 0:0)
1:0 - 08:32 - Ырыс (Сергиенко, Марат) ГБ
1:1 - 12:06 - Церульников (Шакенов, Шегебаев)
2:1 - 23:48 - Ивановский (Ырыс, Ахалбеков)
2:2 - 27:49 - Шакенов (Шегебаев, Алпкарин) ГБ
2:3 - 33:01 - Айтмағамбетов (Мұқашев, Қабдуали)
Қақпашылар: Павлов - Кучковский
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Qarmet
Barys
Almaty
Torpedo
Sunqar