Плей-офф ширек финалы матчтарының күнтізбесі

15 aqpan
583

Тұрақты чемпионаттың қорытындысы бойынша 2025/26 жылғы Jastar Ligasy маусымының плей-офф кезеңінің бірінші айналымына қатысатын барлық жұптар анықталды.

Тұрақты чемпионаттың жеңімпазы атанған «Кармет» сегізінші орын алған «Астанамен» кездеседі. Екінші орын иеленген елордалық «Барыс» жетінші сатыдағы оралдық «Сұңқармен» күш сынасады. Үшінші орын алған «Ақтөбе» алтыншы орын иесі «Алматымен» ойнайды. Ал жартылай финалға жолдама үшін төртінші орын алған Өскеменнің «Торпедосы» мен бесінші орын иеленген атыраулық «Жас Батыр» өзара бақ сынайды. Айта кетейік, ширек финалдық сериялар командалардың бірінің үш жеңісіне дейін жалғасады.

Ширек финал матчтарының кестесі

18-19 ақпан, сәрсенбі-бейсенбі

QARMET – ASTANA

BARYS – SUNQAR

19-20 ақпан, бейсенбі-жұма

AQTOBE – ALMATY

TORPEDO – JAS BATYR

22-23* ақпан, жексенбі-дүйсенбі

ASTANA – QARMET

SUNQAR – BARYS

23-24* ақпан, дүйсенбі-сексенбі

ALMATY – AQTOBE

JAS BATYR – TORPEDO

26* ақпан, бейсенбі

QARMET – ASTANA

BARYS – SUNQAR

27* ақпан, жұма

AQTOBE – ALMATY

TORPEDO – JAS BATYR

* - сериялардыңтөртіншіжәнебесіншіматчтарықажетболғанжағдайдағанаөткізіледі.

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.