Алматы екінші овертаймда Ақтөбеден жеңісті жұлып әкетіп, жартылай финалға шықты

27 aqpan
487

Елдің батысында Jastar Ligasy ширек финал кезеңінің шешуші матчы өтті.

Бұған дейін «Ақтөбе» мен «Алматы» арасындағы серияда командалар тек қонақта жеңіске жетіп келген еді. Бесінші кездесу де бұл үрдісті бұзған жоқ. Бүгін батысқазақстандықтар 1:3 есебінен таразы басын теңестіргенімен, екінші овертаймда қонақтар өз дегеніне жетті.

Темірлан Мараттың дәл соққысы оңтүстік астана ұжымын жартылай финалға шығарды. «Алматының» қақпашысы Александр Павлов 54 сейв жасады.

«Ақтөбе» - «Алматы» 3:4 ОТ2 (0:1, 1:2, 2:0, 0:0)

0:1 - 11:31 - Шевченко

1:1 - 28:41 - Челбаевский (Герасимов, Зубарев)

1:2 - 34:20 - Югай (Тоқтасынов)

1:3 - 35:17 - Токтасынов (Югай)

2:3 - 50:22 - Катасонов (Шпак)

3:3 - 58:26 - Артамонов (Герасимов, Зубарев)

3:4 - 93:22 - Марат

Қақпашылар: Дубович - Павлов

«Ақтөбе» - «Алматы» сериясындағы есеп: 2-3 (2:3, 1:3, 3:2 ОТ, 4:3, 3:4 ОТ2).


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.