Теміртауда Jastar Ligasy плей-оффының жартылай финал кезеңіндегі алғашқы матч өтті.
Қорғаныстағы сенімді ойын осы плей-оффта «Карметтің» нағыз айрықша белгісіне айналып келеді. Бүгін де «Алматы» Алексей Зюзин қорғаған қақпаны аша алмады – ол екінші раундтың алғашқы кездесуінде қақпаға бағытталған 29 соққыны қайтарды.«Сары-қаралар» сапындағы алаң ойыншылары да өз қақпашысына көмектесті: Никита Рублёв пен Никита Соколов артық құрраммен шайба соқты, ал Тимофей Симонов финалдық сиренаға төрт секунд қалғанда қарсылас қақпасын дәл көздеді.Осылайша тұрақты чемпионаттың жеңімпазы жартылай финал сериясын «құрғақ» жеңіспен бастады.
«Кармет» - «Алматы» 3:0 (1:0, 1:0, 1:0)
1:0 - 02:58 - Рублёв (Қалқабек, Соколов) ГБ
2:0 - 33:33 - Соколов (Лигай, Ольденбургер) ГБ
3:0 - 59:56 - Симонов (Гордин)
Қақпашылар: Зюзин - Павлов
«Кармет» - «Алматы» сериясындағы есеп: 1-0 (3:0).
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Qarmet
Barys
Almaty
Torpedo
Sunqar