Jastar Ligasy-ның жартылай финалдық кезеңі екі матчпен жалғасуда.

«Барыс» пен «Торпедо» арасындағы алғашқы кездесу қақпашылардың нағыз текетіресіне айналды. Үш кезеңнің қорытындысы бойынша Леонид Кравцов 27, ал Вадим Грохотов 34 соққыны қайтарып, таблода ұзақ уақыт бойы нөлдер жанды.Алайда овертайм ұзаққа созылған жоқ. Өскемендік команда алаңнан қуылып, сан жағынан кем қалды, ал елордалық ұжым бұл мүмкіндікті толық пайдаланды. Никита Ломако көк сызықтан аймақтың ортасына қарай ығысып, жойқын соққымен командасына жартылай финалдағы алғашқы жеңісті сыйлады.
«Барыс» - «Торпедо» 1:0 ОТ (0:0, 0:0, 0:0, 1:0)
1:0 - 63:08 - Ломако (Айтмағамбетов, Қабдуали) ГБ
Қақпашылар: Кравцов - Грохотов
«Барыс» - «Торпедо» сериясындағы есеп: 1-0 (1:0 ОТ).

«Кармет» пен «Алматы» арасындағы екінші кездесудің негізгі оқиғалары үшінші кезеңде өрбіді. Теміртаулықтар табанды қарсыластың қарсылығын ақыры бұза алды.Алаң иелері сапында Илияс Даулетбек дубль жасап, екі шайба соқты, тағы бір шайбаны Тимофей Симонов өз есебіне жазды. Алексей Зюзин матч барысында 15 сейв жасады.
«Кармет» - «Алматы» 3:0 (0:0, 0:0, 3:0)
1:0 - 51:12 - Дәулетбек (Ольденбургер, Симонов)
2:0 - 54:03 - Дәулетбек (Божко)
3:0 - 59:36 - Симонов (Божко, Нұрқанов)
Қақпашылар: Зюзин - Яковенко
«Кармет» - «Алматы» сериясындағы есеп: 2-0 (3:0, 3:0).
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Qarmet
Barys
Almaty
Torpedo
Sunqar