«Барыс» пен «Торпедо» елордада жартылай финалдық серияның екінші матчын өткізді.
Бірінші ойыннан айырмашылығы, бүгін тартыс аса байқалған жоқ – алаң иелері сенімді түрде жеңіске жетті. Кездесудің ең нәтижелі ойыншысы Амир Гафуров болды: ол хет-трик жасап, тағы екі нәтижелі пас берді. Рахимбек Мейірман әріптестеріне төрт рет нәтижелі паспен көмектесті.
Командалар сериядағы есеп 2:0 «Барыстың» пайдасына болған күйде Өскеменге аттанады.
«Барыс» - «Торпедо» 9:2 (2:1, 4:1, 3:0)
1:0 - 07:30 - Аманғалиев (Толстунов, Церульников)
1:1 - 13:50 - Якушкин (Челюк) ГБ
2:1 - 18:49 - Тілеухан (Мейірман)
3:1 - 22:02 - Гафуров (Мейірман, Шегебаев)
4:1 - 22:35 - Тілеубаев (Кубатаев, Айболұлы)
4:2 - 31:20 - Ануфриев (Гасников, Трегубов)
5:2 - 32:24 - Гафуров (Мейірман)
6:2 - 37:01 - Гафуров (Мейірман, Шегебаев)
7:2 - 40:33 - Айтмағамбетов (Ломако, Қабдуали) ГБ
8:2 - 50:24 - Церульников (Гафуров, Айболұлы) ГБ
9:2 - 54:08 - Айболұлы (Тілеубаев, Гафуров) ГБ
Қақпашылар: Кучковский - Грохотов (Зиновьев, 22:35-60:00)
«Барыс» - «Торпедо» сериясындағы есеп: 2-0 (1:0 ОТ, 9:2).
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Qarmet
Barys
Almaty
Torpedo
Sunqar