Жартылай финалдың үшінші матчында Торпедоға өз алаңы көмектеспеді

7 naýryz
310

Jastar Hokei Ligasy-ның «Торпедо» мен «Барыс» арасындағы жартылай финалдық сериясы жанкүйерлерді нәтижелі хоккеймен қуантуды жалғастырып келеді.

Кездесуді алаң иелері сенімді бастап, матчтың ортасына қарай өздеріне қолайлы басымдық құрды – өскемендік команда екі шайба айырмашылығымен алға шықты. Алайда елордалық ұжым екінші үзіліске дейін ойын барысын өзгерте алды: астаналықтар есепті теңестіріп қана қоймай, алға да шықты.

Үшінші кезеңде «Торпедо» қайтадан интрига тудыра алды. Дегенмен соңғы сөз «Барысқа» тиесілі болды. Жеңіс шайбасын осы матчта дубль жасаған Леонид Шакенов соқты.

«Торпедо» - «Барыс» 4:5 (2:0, 1:4, 1:1)

1:0 - 03:50 - Ануфриев (Худяков, Сағымбаев)

2:0 - 18:41 - Худяков (Гасников, Ануфриев)

2:1 - 22:30 - Харченко (Крутский, Мейірман)

3:1 - 30:00 - Дубинкин (Ануфриев, Челюк) ГБ

3:2 - 31:51 - Шәкенов (Церульников)

3:3 - 32:12 - Харченко (Гафуров)

3:4 - 38:25 - Аманғалиев (Шәкенов, Шегебаев)

4:4 - 48:59 - Ануфриев

4:5 - 52:19 - Шәкенов (Церульников)

Қақпашылар: Грохотов - Кравцов

«Барыс» - «Торпедо» сериясындағы есеп: 3-0 (1:0 ОТ, 9:2, 5:4).


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.