Барыс Jastar Ligasy-ның финалына шықты

8 naýryz
746

Қазақстан жастар хоккей чемпионатының шешуші сериясының екінші қатысушысы анықталды.

«Барыс» пен «Торпедо» арасындағы төртінші кездесудің негізгі оқиғалары ойынның алғашқы бөлігінде өтті. Әмірхан Шегебаев пен Леонид Шакеновтің дәл соққылары елордалық командаға матч барысын бақылауда ұстауға мүмкіндік берді.Матчтың және бүкіл серияның қорытынды нүктесін Алдияр Қабдуали қойды – ол финалдық сиренаға 72 секунд қалғанда қарсыластың бос қақпасына шайба соқты. Қонақтар қақпашысы Леонид Кравцов 26 сейв жасады.

Осылайша «Барыс» биылғы маусымдағы Jastar Ligasy финалының екінші қатысушысы атанды. Алтын медаль үшін команда «Карметпен» таласады. Қола жүлде үшін «Торпедо» мен «Алматы» кездеседі.

«Торпедо» - «Барыс» 0:3 (0:2, 0:0, 0:1)

0:1 - 13:01 - Шегебаев (Тілеухан)

0:2 - 19:28 - Шәкенов (Гафуров, Мейрман)

0:3 - 58:48 - Қабдуали (Харченко, Айтмағамбетов) ПВ

Қақпашылар: Грохотов – Кравцов

«Барыс» - «Торпедо» сериясындағы есеп: 4-0 (1:0 ОТ, 9:2, 5:4, 3:0).


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.