Барыс – Jastar Hokei Ligasy-ның жеңімпазы, Кармет өз тарихында алғаш рет күміс жүлде иеленді

1 sáýir
347

Теміртауда «Кармет» пен «Барыс» арасындағы финалдық серияның жетінші, шешуші матчы өтті.

Елордалық ұжым есепті төртінші минуттың соңына таман Жахангер Тілеуханның дәл соққысы арқылы ашты – ол қақпа алдында шайбаны жетер жеріне жеткізді. Бірінші үзіліске аз уақыт қалғанда Рахимбек Мейірман басымдықты пайдаланып, «Барыстың» артықшылығын арттырды. Екінші кезеңнің басында Андрей Церульниковтің соққысынан кейін үшінші шайба Алексей Зюзиннің қақпасына түсті.

Соңғы кезеңде Максим Худяковтың шәкірттері қарқынын күшейтіп, көп ұзамай Тимофей Симонов Кирилл Мыльниковтың қақпасын дәл көздеді. Ал ойынның аяқталуына алты минут қалғанда сол Симонов есеп айырмасын минимумға дейін қысқартты.

Ойын соңында «Барыс» қақпасына үшінші шайба да соғылды. Алайда төрешілер голды есепке алмады – соның алдында ғана қонақтар құрамының саны бұзылғаны тіркелген еді. «Кармет» «6-ға 4» форматында ойнап, есепті теңестіруге мүмкіндік алды, бірақ елордалық команда қорғаныста сыр бермей, өз қақпасын аман сақтап қалды. Осылайша, «Барыс» өз тарихында алтыншы рет Jastar Ligasy чемпионы атанды. Ал теміртаулықтар өз тарихында алғаш рет екінші орынға ие болды.

«Кармет» - «Барыс» 2:3 (0:2, 0:1, 2:0)

0:1 - 03:50 - Тілеухан (Бигаринов, Кравченко)

0:2 - 11:50 - Мейірман (Дронов, Гафуров) ГБ

0:3 - 24:58 - Церульников (Айтмағамбетов, Айболұлы)

1:3 - 40:29 - Симонов (Степанов, Ольденбургер) ГБ

2:3 - 53:47 - Симонов (Рублёв, Нурканов)

Қақпашылар: Зюзин - Мыльников

«Кармет» - «Барыс» сериясындағы есеп: 3-4 (3:1, 1:2 ОТ, 4:6, 3:1, 3:0, 2:3 ОТ, 2:3)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.