Қазақстан жастар чемпионатындағы командалардың кезекті маусымдағы өнерін қорытындылауды жалғастырамыз. Бүгін сөз «Мұнайшы» командасы туралы болады.
Нәтиже
«Мұнайшы» күткендей-ақ өз деңгейінен жоғары көтеріле алмады және кезекті рет тұрақты чемпионат қорытындысы бойынша турнир кестесінің төменгі бөлігінде орналасты. Бұл ретте жеңістер саны бойынша команда соңғы төрт жылдағы ең нашар маусымын өткізді. Дегенмен, жағдайды сәл түзегені — негізгі уақыттан тыс болған жеңілістер болды, солардың арқасында павлодарлықтар қосымша ұпайлар жинай алды. Әрине, қорытынды талдау жасағанда чемпионаттың басынан бастап команда шамамен екі ай бойы сырт алаңда ойнағанын ескермеуге болмайды. Бұл жаттығу процесіне, сондай-ақ ойыншылардың физикалық және эмоционалдық жағдайына айтарлықтай өзгерістер енгізді.

Оқиғалар
Маусым барысында павлодарлықтар өздерінің басты қарсыласы – «Горнякпен» маусымдық қарсыласуда жеңіске жетті. «Мұнайшының» еншісінде 4 кездесудің 3-еуі қалып, 8 мүмкін ұпайдың 7-еуі жиналды. Алайда ең ерекше сәт – маусымдағы алғашқы жеңіс болды. Павлодарлықтар қатарынан 20 жеңілістен кейін өз алаңында «Арланды» 7:1 есебімен ойсырата жеңді. Бұл оқиға «Мұнайшы» ойыншыларының көңіл-күйін түбегейлі өзгертіп, қалған кездесулерде команда кез келген қарсыласқа лайықты қарсылық көрсете бастады.

Көшбасшылар
Руслан Қаршығаев сапалы түрде алға қадам жасады – ол мансабында алғаш рет бір маусымда 30 ұпай межесіне жетті (11+19). Команданың үздік сұрмергені Тамерлан Сәрсембаев болды (15+9). Юрий Калина да 10 шайба шегінен асты (12+12). Айта кетерлігі, Қаршығаев пен Сәрсембаев тұрақты чемпионаттағы барлық 44 матчқа қатысты (тағы 4 күнтізбелік ойын өтпеген).
Цитата
- Біз кейбір ойын сәттері бойынша, әсіресе қорғаныста, жақсы жұмыс жүргіздік. Маусымның екінші бөлігі, әсіресе Жаңа жылдан кейін, жаман өткен жоқ. Жеңістер саны көп болмаса да, бізге қандай қарсылас келсе де, көптеген матчтарда жақсы ойын, сапалы хоккей көрсетіп, құрылым мен деңгейімізді көрсете алдық.
Өткен маусымды «Мұнайшының» бұрынғы бас бапкері Дмитрий Митенков осылай қорытындылады. Ол жақында ғана «ЖасБатыр» бапкерлік штабына қосылды.
Қорытынды
«Мұнайшыда» жүйелі жұмыс айтарлықтай деңгейде жүргізілді, бірақ павлодарлық хоккей жанкүйерлерін қуантатын ең басты факт – өткен чемпионатта 2008 жылы туған ойыншылар алдыңғы қатарлы рөлдерге шықты. Бұл келесі маусымда олардың одан әрі шыңдалып, өздерінің «дәстүрлі» турнирлік жағдайын өзгертуге тырысатынын білдіреді. Алайда алдымен клуб менеджментіне жаңа бапкердің кандидатурасын анықтау қажет болады.

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Qarmet
Barys
Almaty
Torpedo
Sunqar