Қазақстан жастар чемпионатындағы командалардың кезекті маусымдағы өнерін қорытындылауды жалғастырамыз. Бүгін сөз «Арлан» туралы болады.
Нәтижелер
2024/25 маусымында (соңғы 5 жылдағы «Арлан» үшін ең сәтті кезең) көкшетаулық ұжымға плей-оффқа шығу үшін небәрі бір ұпай жетпей қалды. Алайда биылғы жылы сол жетістікті қайталау мүмкін болмады. Дегенмен, «көкшеліктер» чемпионатты сәтсіз өткізді деп айту қиын. Бірақ шешуші сәттерде дәлдік пен сәттілік қарсыласқа серік болды. Маусымдағы жеңістердің шамамен 30 пайызы да кубоктық сегіздікке жақындап, плей-офф үшін шынайы күрес жүргізуге жеткіліксіз болды.

Оқиғалар
Қазан айының соңында «қасқырлар» көпшілік үшін күтпеген нәтижеге қол жеткізіп, елдің қазіргі чемпионы «Астананы» екі рет негізгі уақыттан тыс ойында жеңді (4:3 Б және 4:3 ОТ). Бұл жетістік командаға айтарлықтай серпін беріп, кейінгі кезеңде 10 кездесудің 7-еуінде жеңіске жетуге мүмкіндік берді. Алайда шешуші финалдық серпіліске аздап күш жетпей қалды.
Көшбасшылар
Даниил Нуреев (10+23) Jastar Ligasy-ндағы алғашқы маусымында-ақ «Арланның» нәтижелілік бойынша көшбасшысына айналды. Ол тұрақты чемпионаттағы барлық 48 матчқа қатысып, командада бір өзі ғана 30 ұпай межесінен асқан ойыншы болды. Одан бөлек, қорғаушы Әбілқайыр Әлиев те барлық ойында мұзға шықты. Сондай-ақ қақпашы Владислав Лаюровты ерекше атап өткен жөн: ол 2000 минуттан астам уақыт ойнап, қақпаға бағытталған 1096 соққыны қайтарды.

Цитата
- Біз тырыстық, мықты қарсыластармен күрестік, бірақ өкінішке қарай, тікелей бәсекелестерге ұпай беріп қойдық. Ұпай алуға болатын ойындарда сол мүмкіндікті жіберіп алдық. Көшбасшыларға қарсы бар күшімізді салып, қарсыласуға тырыстық, бірақ кей тұстарда физика мен жылдамдық жетіспеді. Команда маусым барысында біртіндеп форма жинады. Енді жұмыс істеуді жалғастырып, берілмей, соңына дейін күресу керек.
Өткен маусымды «Арлан» бапкері Даниил Смолянский дәл осылай сипаттады.
Қорытынды
Көкшетаулық ұжымда жоғары деңгейдегі бәсекенің не екенін білетін, болашағы зор жас ойыншылар өсіп келеді. Енді оларға шеберлік пен сенімділікті қосу қажет, бұл плей-оффқа шығуға үміткерлермен тең дәрежеде бәсекелесуге мүмкіндік береді.

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Qarmet
Barys
Aqtóbe
Torpedo
Jas Batyr