Түркістан клубының баспасөз қызметі жастар командасының бапкерлер штабындағы өзгерістер туралы хабарлады.
«Тигрлардың» бас бапкері болып Данияр Ахметов тағайындалды. Ол өткен маусымда Атыраудың «Жас Батыр» клубының бапкерлер штабында жұмыс істеген еді. Маман бұл қызметте Мейрам Думатовтың орнын басты. Еске салайық, Jastar Ligasy-ндағы өзінің дебюттік маусымында «Тұран Тайгерс» командасы тоғызыншы орын алып, плей-офф жолдамасынан бір саты төмен тоқтаған болатын.
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Qarmet
Barys
Aqtóbe
Torpedo
Jas Batyr