Максим Худяков: «Біз жастар лигасында да сапалы әрі тартысты хоккей бар екенін көрсеттік»

22 mamyr
208

«Карметтің» бас бапкері команданың Jastar Ligasy-ның кезекті маусымындағы өнеріне қорытынды жасады.

- Маусымның қорытындысын шығаратын болсақ, ең алдымен тұрақты чемпионатта жеңіске жеттік, бұл да көп нәрсені аңғартады, – деп түйіндеді «Карметтің» бас бапкері Максим Худяков. – Негізгі уақытта небәрі үш матчта ғана жеңілдік. Мұнда жігіттердің қарым-қатынасы маңызды болды, олар бізді тыңдай білді. Бапкерлер штабы мен команда арасында рухани байланыс пен сенім қалыптасты. Біз ең жоғары мақсаттарды қойып, соған қарай ұмтылдық, ойын сапасын жаңа деңгейге көтердік. Финалдық серияда бәрі болды. Меніңше, басты көрсеткіш – трибунадағы жанкүйерлер саны мен матчтарды теледидардан тамашалаған көрермендер. Біз жастар лигасында да сапалы әрі тартысты хоккей бар екенін көрсеттік. Сондықтан осы үдерістің бәрінен үлкен ләззат алдық. Жігіттер осы маусымда кәсіби тұрғыда өсті. Психологиялық жағынан да көпшілігі сенімдірек ойнай бастады. Жеңімпаз рухы қалыптасты. Кейбір хоккейшілермен алдағы уақытта да қуана жұмыс жасаймыз, енді біреулері басқа клубтарға ауысады, ал кейбірін жоғары деңгей күтіп тұр. Бірақ осы маусымда алған білімдерін өз командаларының игілігі мен жеке дамуы үшін қолданады деп сенеміз. Жанкүйерлерге бүкіл маусым бойғы қолдауы үшін зор құрмет пен алғыс айтамыз! Әр матч сайын біздің командаға жанкүйер болатын адамдар саны көбейе түсті.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.