Маусым қорытындысы. Тұран Тайгерс

29 mamyr
102

Қазақстан жастар чемпионатының кезекті маусымындағы командалардың өнерін қорытындылауды жалғастырамыз. Бүгін сөз Jastar Ligasy-ның дебютанты «Тұран Тайгерс» командасы туралы болмақ.

Нәтиже

Түркістаннан шыққан ұжым қатысқан алғашқы маусымында-ақ плей-офф аймағынан бір-ақ саты төмен тоқтап, тұрақты чемпионат қорытындысы бойынша тоғызыншы орынға жайғасты. Сонымен қатар «жолбарыстар» 19 жеңіске қол жеткізіп, тағы 3 ойында ұпай еншіледі. Плей-офф аймағын түйіндеген «Астанадан» бар болғаны 9 ұпайға қалып қойды.

Оқиғалар

«Тұран Тайгерс» маусым ішінде төменгі кесте бөлігіндегі командаларға қарсы өткен текетірестерде сенімді басымдық танытып, «Горняк», «Арлан» және «Мұнайшыға» қарсы барлық серияны 4-0 есебімен өз пайдасына шешті. Сондай-ақ ел чемпионы «Астанаға» қарсы өз алаңындағы соңғы минуттардағы камбэкпен өткен 4:3 есебіндегі жарқын жеңісті және Өскемендегі ойында болашақ қола жүлдегерлер «Торпедоны» дәл сондай 4:3 есебімен ұтқан кездесуді де атап өткен жөн.

Көшбасшылар

Ұлттық турнирлердегі дебютанттың негізгі қозғаушы күші тәжірибелі Глеб Любченко болды (43+27). Ол тұрақты чемпионатты чемпионаттың үздік бомбардирлер тізімінде төртінші орында аяқтап, лиганың екінші сұрмергені атанды. Плей-офф кезеңінде форвард «Жас Батыр» сапында өнер көрсетті. Сондай-ақ Глеб Мартынов (10+46) пен Андрей Гизатулин (19+27) да айтарлықтай жарқын маусым өткізді. Айта кетерлігі, Любченко мен Гизатулин маусымдағы барлық матчтарға толықтай қатысты.

Цитата

– Бізге ойыншыларды жинап, оларды қаралымға шақыруға тура келді, – деп қорытындылады «жолбарыстардың» бұрынғы бас бапкері Мейрам Думатов. – Соның нәтижесінде біз жігіттерді іріктеп, қарсыластарға бәсекелес бола алатын қабілетті команда құра алдық. Бірінші жыл үшін біз жаман нәтиже көрсетпедік деп есептеймін. Ең алдымен, команда ойын тәжірибесі мен практикасында айтарлықтай өсті, көпшілік үшін бұл осындай деңгейдегі алғашқы маусым болды.

Қорытынды

Дебюттік маусым сәтті өткеніне қарамастан, түркістандық клуб басшылығы бапкерлер штабында өзгеріс жасауға шешім қабылдады. Жаңа маусымға «Тұран Тайгерс» жаңа бапкер Данияр Ахметовтің жетекшілігімен қадам басады. Ол бұған дейін республикалық жастар чемпионаты командаларында жұмыс істеген. Команданың келесі мақсаты – плей-офф кезеңіне жолдама алуға тырысу.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.