Алдағы Қазақстан жастар Кубогінің топтық құрамы мен матчтар күнтізбесін назарларыңызға ұсынамыз.
Биыл жүлде үшін 13 команда бақ сынайды. Барлық ұжым үш топқа бөлінді. Турнирдің басталуы 25 тамызға жоспарланған.
«А» тобындағы матчтар Павлодарда өтеді. Бұл топта елдің қазіргі чемпионы әрі Кубок иегері астаналық «Барыс», атыраулық «Жас Батыр», оралдық «Сұңқар», павлодарлық «Мұнайшы» және рудныйлық «Горняк» өнер көрсетеді.
«В» тобының матчтары Теміртауда өтеді. Бұл топта «Карметтен» бөлек «Ақтөбе», «Астана» және көкшетаулық «Арлан» сынға түседі.
«С» тобының кездесулерін Түркістан қабылдайды. Бұл топқа өскемендік «Торпедо», «Алматы», «Тұран Тайгерс» және петропавлдық «Құлагер» енді.
Алдын ала кезеңнің қорытындысы бойынша Кубок үшін күресті жалғастыратын төрт команда анықталады. Q1 орнын барлық топ жеңімпаздарының арасындағы ең үздік нәтиже көрсеткен команда алады. Q2 және Q3 орындары да сәйкесінше бөлінеді. Ал Q4 – өз топтарында екінші орын алған командалардың ішіндегі ең үздік көрсеткішке ие ұжым.
Топтардағы қатысушылар санының әртүрлі болуына байланысты «А» тобы командалары үшін осы бестікте соңғы орын алған қарсыласқа қарсы өткізілген матчтардың нәтижелері есепке алынбайды. Сондықтан қорытынды ұпайлар мен соғылған шайбаларды есептеу кезінде бұл кездесулер ескерілмейді.
Турнирдің финалдық кезеңі 2–3 қыркүйек күндері Теміртауда өтеді.
Матчтар кестесі
25 тамыз, Сейсенбі
15.00 BARYS - GORNYAK
19.00 JASBATYR - SUNKQAR
26 тамыз, Сәрсенбі
19.00 GORNYAK - MUNAISHY
27 тамыз, Бейсенбі
15.00 BARYS - SUNKQAR
15.00 AQTOBE - ASTANA
15.00 TORPEDO - QULAGER
19.00 MUNAISHY - JAS BATYR
19.00 QARMET - ARLAN
19.00 ALMATY - TURAN TIGERS
28 тамыз, Жұма
19.00 SUNKQAR - GORNYAK
19.00 QARMET - ASTANA
19.00 TURAN TIGERS - TORPEDO
29 тамыз, Сенбі
13.00 GORNYAK - JAS BATYR
17.00 MUNAISHY - BARYS
17.00 AQTOBE - ARLAN
17.00 ALMATY - QULAGER
30 тамыз, Жексенбі
13.00 JAS BATYR - BARYS
13.00 ASTANA - ARLAN
13.00 TORPEDO - ALMATY
17.00 SUNKQAR - MUNAISHY
17.00 QARMET - AQTOBE
17.00 TURAN TIGERS - QULAGER
2 қыркүйек, Сәрсенбі
15.00 Полуфинал Q1 - Q4
19.00 Полуфинал Q2 - Q3
3 қыркүйек, Бейсенбі
19.00 Финал
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Barys
Gornyak
Jas Batyr
Munaishy
Sunqar
Aqtóbe
Arlan
Astana
Qarmet
Almaty
Qulager
Torpedo
Turan tigers