Павлодарда шайбалы хоккейден 2026 жылғы Қазақстан Республикасының жастар кубогінің ойындары басталды. Жүлде жолындағы күреске алғаш болып А тобының командалары кірісті.
Елдің қазіргі чемпионы «Барыс» Рудный қаласының «Горняк» командасына еш мүмкіндік қалдырмады. «Горняк» қақпасына 5 шайба соғылды. Олардың авторлары — Роман Лазаренко, Ардаулет Ержанұлы, Әмір Попченков және дубль жасаған Нұрали Айтмағамбетов. Арсений Кучковский қақпаға бағытталған 17 соққыны қайтарды. Номиналды қонақтар сапынан Денис Лопухов екі гол соқты
«Барыс» - «Горняк» 5:2 (1:0, 2:2, 2:0)
1:0 - 10:52 - Лазаренко (Мукашев)
2:0 - 22:41 - Ержанулы
2:1 - 31:04 - Лопухов (Логинов)
3:1 - 32:27 - Попченков (Елемесов, Рахманин)
3:2 - 33:51 - Лопухов (Шевченко)
3:2 - 39:42 - Пикулев
4:2 - 51:05 - Айтмағамбетов (Лазаренко) ГБ
5:2 - 53:16 - Айтмағамбетов (Лазаренко, Кубатаев)
Қақпашылар: Кучковский - Лаюров
Батыстың «Жас Батыры» мен «Сұңқары» арасындағы кездесу аса тартысты әрі күтпеген нәтижеге толы болды. Ойын барысында атыраулықтар екі шайба айырмашылығымен алда келе жатқанымен, ақырында жеңімпазды буллиттер сериясы арқылы анықтауға тура келді. Ал буллиттер сериясында оралдық команда Олжас Асқатұлының дәл соққысынан кейін камбэк жасап, жеңісті өз пайдасына аяқтады.
«Жас Батыр» - «Сұңқар» 3:4 Б (1:1, 2:1, 0:1, 0:0, 0:1)
0:1 - 11:12 - Стратинский (Костенко) ГБ
1:1 - 19:18 - Польский (Бабешко)
2:1 - 22:17 - Базунц (Польский, Әбдірахманов)
3:1 - 38:35 - Прохоров (Куанов)
3:2 - 39:53 - Богайчук (Феоктистов, Чудинович)
3:3 - 42:20 - Чудинович (Костенко)
3:4 - 65:00 – Асқатұлы ПБ
Қақпашылар: Еркінов - Қамбаров
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Almaty
Aqtóbe
Arlan
Astana
Barys