2026 жылғы ҚР Жастар кубогі ойын күніндегі күндізгі кездесулерді бақылайық.
«Барыс» тартысты өткен матчта «Сұңқарды» жеңіп, А тобындағы көшбасшылығын нығайтты. Кездесудегі шешуші кезең үшінші бөлік болды. Осы аралықта елордалық команда таразы басын өз пайдасына аударды. Жеңіс шайбасын Мажит Имашев соқты. Оралдықтар сапынан Лев Крицин мен Ибрагим Маликов 2 (1+1) ұпайдан жинаса, қақпашы Игнат Яговкин 38 сейв жасады.
«Барыс» - «Сұңқар» 3:2 (1:0, 0:2, 2:0)
1:0 - 11:56 - Аманғалиев (Харченко, Ержанулы)
1:1 - 21:41 - Крицин (Богайчук, Маликов) ГБ
1:2 - 33:29 - Маликов (Котов, Крицин)
2:2 - 52:02 - Айтмағамбетов (Мукашев, Амангалиев) ГБ
3:2 - 55:35 - Имашев (Графкин)
Қақпашылар: Кравцов – Яговкин
В тобының алғашқы матчында «Астана» «Ақтөбеден» басым түсті. Елордалықтар сапынан Данил Расевич дубль авторы атанды. Номиналды қонақтар қақпашысы Айнарбек Есен 23 сейв жасады. Батысқазақстандықтар сапынан Максим Росхрест пен Нұрәділ Сахи мергендік есептерін ашты.
«Ақтөбе» - «Астана» 2:5 (0:0, 1:2, 1:3)
0:1 - 21:49 - Расевич (Аяпбергенов, Чепышкин) ГБ
1:1 - 24:22 - Росхрест (Артамонов)
1:2 - 37:25 - Шевченко (Валиханов, Петренко)
1:3 - 41:47 - Чепышкин (Қыдырбай)
2:3 - 46:43 - Сахи (Герасимов, Жумажан)
2:4 - 47:04 - Расевич (Аяпбергенов, Невдах)
2:5 - 55:04 - Дровосеков (Қыдырбай, Кармелюк)
Қақпашылар: Сапарғалиев - Есен
«Торпедо» «Құлагерге» қарсы кездесуде алғашқы кезеңді өте сәтті өткізді. Бірінші кезеңде қатарынан бес шайба соққан өскемендіктер турнирдегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Алексей Трегубов хет-трик жасап, оған қоса екі нәтижелі пас берді. Роман Худяков та үш шайбаның авторы атанды. Петропавлдықтар сапынан Мирас Серікболатов екі шайба соқты.
«Торпедо» - «Құлагер» 9:3 (5:0, 3:1, 1:2)
1:0 - 00:39 - Худяков (Карпов)
2:0 - 03:21 - Челюк (Трегубов)
3:0 - 10:49 - Худяков ГБ
4:0 - 15:36 - Трегубов
5:0 - 19:40 - Ботищев (Родионов)
6:0 - 27:44 - Трегубов (Домрачев)
6:1 - 30:49 - Спиридонов (Илияс)
7:1 - 30:59 - Трегубов
8:1 - 31:25 - Павлюхин (Ботищев)
9:1 - 50:05 - Худяков (Челюк, Трегубов)
9:2 - 57:35 - Серікболатов (Седов, Черней)
9:3 - 59:58 - Серікболатов (Черней, Седов)
Қақпашылар: Грохотов - Валентюкевич (Чертков, 10:49-31:25)
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Almaty
Aqtóbe
Arlan
Astana
Barys