Рублёвтің пента-тригі, Катасонов пен Бағытжановтың хет-триктері

27 tamyz
414

2026 жылғы ҚР Жастар кубогі ойын күнінің кешкі кездесулерін тамашалаймыз.

«Алматы» Оңтүстік Қазақстан тартысында «Тұранға» еш мүмкіндік қалдырмады. Әсіресе оңтүстік астананың командасы үшін үшінші кезең нәтижелі болды. Жеңімпаздар құрамынан Матфей Катасонов хет-трик жасаса, Эмир Рузбакиев қарсыластар қақпасын екі рет дәл көздеді. Қақпасына гол жібермей, шатаут жасаған Александр Павлов 21 соққыға тосқауыл қойды.

«Алматы» - «Тұран Тайгерс» 7:0 (1:0, 2:0, 4:0)

1:0 - 19:38 - Рузбакиев (Отоудинов, Шмидт)

2:0 - 21:44 - Катасонов (Юн)

3:0 - 22:27 - Катасонов (Токтасынов, Юн)

4:0 - 43:23 - Бакыт (Катасонов) ГБ

5:0 - 43:36 - Рузбакиев (Отоудинов)

6:0 - 49:35 - Бубликов (Бакыт, Марат) ГБ

7:0 - 59:40 - Катасонов (Юн, Деппершмидт)

Қақпашылар: Павлов - Төлеубай (Мельников, 43:23-60:00)

Jastar Ligasy-ның өткен маусымның финалисі «Кармет» жаңа маусымды «Арланға» сенімді жеңіспен бастады. Максим Худяковтың шәкірттері алғашқы кезеңнің өзінде-ақ жақсы басымдыққа ие болды, ал кейіннен алаң иелерінің артықшылығы одан әрі артты. «Сары-қаралар» командасының көшбасшысы Никита Рублёв керемет ойын көрсетіп, 5 шайба соқты. Виталий Божко 5 нәтижелі пас берді.

«Кармет» - «Арлан» 8:1 (3:0, 3:1, 2:0)

1:0 - 03:15 - Рублёв (Дурглишвили, Божко)

2:0 - 08:13 - Винтовкин (Божко)

3:0 - 19:23 - Рублёв (Божко) ГБ

4:0 - 28:04 - Алтухов (Челбаевский)

5:0 - 32:34 - Рублёв (Айткожа)

5:1 - 34:52 - Бесаев (Гусаров, Акибаев) ГБ

6:1 - 39:55 - Даулетбек (Кошеляев)

7:1 - 52:51 - Рублёв (Божко, Стариненко)

8:1 - 57:07 - Рублёв (Ольденбургер, Божко)

Қақпашылар: Илларионов - Байдек (Аминов, 32:34-60:00)

Павлодардағы матч та ірі есеппен аяқталды. «Жас Батыр» «Мұнайшыны» жеңіп, турнирдегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Екінші кезеңнің өзінде алаң иелерінің қақпасына 5 шайба соғылды. Атыраулықтардың капитаны Амир Бағытжанов хет-трик жасаса, Кирилл Юдин әріптестеріне төрт рет нәтижелі пас берді.

«Мұнайшы» - «Жас Батыр» 1:9 (0:1, 1:5, 0:3)

0:1 - 05:05 - Конрадий (Сәрсембаев)

0:2 - 21:00 - Прохоров

0:3 - 23:58 - Бағытжанов (Бекбаев, Юдин)

0:4 - 27:34 - Секербай (Бекбаев, Бабешко)

1:4 - 30:26 - Анциферов (Буяльский, Шишикин) ГБ

1:5 - 33:44 - Абдрахманов (Польский)

1:6 - 38:31 - Бағытжанов (Юдин, Польский)

1:7 - 52:32 - Базунц (Гусаков)

1:8 - 58:13 - Таутанов (Юдин, Еркинов)

1:9 - 59:12 - Бағытжанов (Юдин, Бекбаев)

Қақпашылар: Тасбулат (Орешко, 23:58-60:00) - Амангали


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.