2026 жылғы ҚР Жастар кубогінің кезекті ойын күніндегі күндізгі кездесулерді тамашалаймыз.
«Алматы» мен «Құлагер» арасындағы кездесудің шешуші үшінші кезеңі басталар тұста есеп 1:1 болды. Алайда үшінші кезеңде петропавлдықтардың ойынынан береке кетіп, оңтүстік астананың командасы жауапсыз 6 шайба соқты. Әсіресе, шартты түрде алаң иелері құрамында өнер көрсеткен қорғаушы Бекнұр Ырыс көзге түсіп, қарсыластар қақпасын үш рет дәл көздеді. «Алматы» қақпашысы Глеб Колесник 50 сейв жасады.
«Алматы» - «Құлагер» 7:1 (0:0, 1:1, 6:0)
0:1 - 24:57 - Илияс (Тузов)
1:1 - 33:54 - Корсаков (Бубликов)
2:1 - 41:28 - Ырыс ГМ
3:1 - 44:01 - Казачков (Юн, Катасонов)
4:1 - 45:41 - Бубликов (Деппершмидт, Юн) ГБ
5:1 - 52:11 - Ырыс (Бақыт, Катасонов) ГБ
6:1 - 56:36 - Рузбакиев (Марат, Рузбакиев) ГБ
7:1 - 59:31 - Ырыс (Бақыт, Марат)
Қақпашылар: Колесник - Чертков
«Жас Батыр» «Горнякты» ірі есеппен жеңіп, жартылай финалға шығу жолындағы күресін жалғастырды. Атыраулық командаға жеңіс әкелген ойыншылардың бірі Павел Бабешко болды – ол таза хет-трик жасады. Батысқазақстандықтардың үш голдық шабуылына Кирилл Юдин (1+2) және Бейбарыс Чокпаров (0+3) та үлес қосты. Осы жеңістен кейін «Жас Батыр» бүгінгі кешкі сессия аяқталғанға дейін А тобында кем дегенде уақытша бірінші орынға шықты.
«Горняк» - «Жас Батыр» 1:8 (0:2, 1:2, 0:4)
0:1 - 08:25 - Юдин (Бағытжанов)
0:2 - 10:17 - Әбдірахманов (Секербай, Чокпаров)
0:3 - 25:16 - Бағытжанов (Юдин, Бекбаев) ГБ
1:3 - 34:31 - Шахимурат (Кириневич, Пикулев)
1:4 - 36:07 - Бабешко (Чокпаров)
1:5 - 42:23 - Бабешко (Польский, Чокпаров)
1:6 - 45:47 - Бабешко (Әбдірахманов)
1:7 - 48:47 - Секербай (Базунц, Польский)
1:8 - 54:43 - Сарсембаев (Юдин, Куанов)
Қақпашылар: Шинковский - Еркинов
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Qarmet
Barys
Almaty
Torpedo
Sunqar