Барыс, Торпедо мен Кармет жартылай финалға шықты

30 tamyz
2300

2026 жылғы ҚР Жастар кубогінің топтық кезеңінің соңғы күніндегі күндізгі кездесулерді тамашалаймыз.

С тобындағы шешуші кездесуде «Торпедо» басым түсіп, алдын ала кезеңді 100 пайыздық нәтижемен аяқтады. Руслан Пальмтаг пен Данил Якушкин 3 (1+2) ұпайдан жинады. Вадим Грохотов қақпаға бағытталған 35 соққыға тосқауыл қойды.

«Торпедо» - «Алматы» 6:2 (2:0, 1:1, 3:1)

1:0 - 01:29 - Павлюхин

2:0 - 07:13 - Белоусов (Якушкин, Пальмтаг) ГБ

2:1 - 21:14 - Юн (Токтасынов, Корсаков)

3:1 - 27:25 - Худяков (Челюк) ГБ

4:1 - 40:48 - Пальмтаг (Кентаев, Якушкин)

4:2 - 44:24 - Марат (Ырыс) ГБ

5:2 - 45:20 - Трегубов (Худяков) ГБ

6:2 - 45:49 - Якушкин (Пальмтаг, Ботищев) ГБ

Қақпашылар: Грохотов - Павлов

«Астана» нәтижелі өткен кездесуде «Арланды» жеңді. Астаналықтарға жеңіс әкелген негізгі фактор – матчтың алғашқы кезеңінде соғылған голдар болды. Георгий Невдах пен Абдуррахим Қыдырбай қарсыластарын екі реттен қапы қалдырды. Даниял Аяпбергенов әріптестеріне үш рет нәтижелі пас берді. Көкшетаулықтар сапынан Тимур Бесаев үш нәтижелі шабуылға қатысты.

Осы кездесудің қорытындысы бойынша «Кармет» жартылай финалға жолдама алды. Команда кешкі матчтың нәтижесіне қарамастан, В тобындағы бірінші орынды әлдеқашан қамтамасыз еткен. Ал «Астана» қалған ойындардың аяқталуын күтеді.

«Астана» - «Арлан» 7:4 (4:0, 1:2, 2:2)

1:0 - 05:14 - Невдах (Расевич, Аяпбергенов)

2:0 - 05:35 - Валиханов (Шевченко, Чепышкин)

3:0 - 09:44 - Чепышкин (Шевченко) ГБ

4:0 - 15:36 - Тагнер (Кыдырбай)

4:1 - 25:04 - Акибаев (Бесаев, Гусаров) ГБ

4:2 - 27:00 - Бесаев (Ерес) ГБ

5:2 - 33:00 - Невдах (Аяпбергенов, Расевич)

5:3 - 40:12 - Любченко (Шипулин, Танцикужин)

6:3 - 43:50 - Қыдырбай (Аяпбергенов, Жұмаділдинов)

6:4 - 55:57 - Алборов (Бесаев)

7:4 - 57:45 - Қыдырбай (Дровосеков, Жумаділдинов) ГМ

Қақпашылар: Теплов - Аминов

«Барыс» тағы да матчты қарқынды бастап, бірінші кезеңнің өзінде атыраулық қарсыластарының қақпасына төрт шайба соқты. Кейін «Жас Батыр» ойын барысын өзгертуге тырысқанымен, кездесудің бағытын өзгерте алмады. Астаналық команда қатарынан төртінші жеңісіне қол жеткізіп, А тобында жеңіске жетті және Кубоктің жартылай финалына жолдама алды. Шартты түрде қонақтар құрамынан Роман Лазаренко дубль жасаса, Арсений Кучковский 33 сейв жасады.

«Жас Батыр» - «Барыс» 2:6 (0:4, 2:1, 0:1)

0:1 - 02:30 - Фирса (Рахманин)

0:2 - 08:01 - Лазаренко (Алдоңғар)

0:3 - 12:41 - Лазаренко (Тілеубаев, Фирса)

0:4 - 16:39 - Мукашев (Айтмағамбетов) ГБ

1:4 - 20:39 - Прохоров (Бекбаев, Юдин) ГБ

2:4 - 23:01 - Юдин (Бекбаев, Забурдяев)

2:5 - 38:38 - Амиржанов (Харченко, Абдуллин)

2:6 - 53:21 - Абдуллин (Әбілдин)

Қақпашылар: Еркінов - Кучковский


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.