Кармет пен Сұңқардың ірі жеңістері, Түркістандағы овертайм

30 tamyz
381

2026 жылғы ҚР Жастар кубогі топтық кезеңінің соңғы күніндегі кешкі кездесулерді тамашалаймыз.

«Тұран Тайгерс» пен «Құлагер» арасындағы жеңімпаз тек овертаймда анықталды. Ойын барысында петропавлдықтар екі шайба айырмашылығымен алда болған. Нәтижесінде түркістандықтарға жеңіс әкелген шайбаны көпшілік құрамдағы басымдығын пайдаланып, Глеб Бурнашов соқты. «Тайгерс» турнирді қоржындағы екі ұпаймен аяқтады, ал солтүстікқазақстандықтардың еншісінде дәл бүгінгі матчта алған бір ұпай бар.

«Тұран Тайгерс» - «Құлагер» 4:3 ОТ (1:1, 2:2, 0:0, 1:0)

1:0 - 05:48 - Рахматуллаев (Даулеталиев, Бурабай) ГБ

1:1 - 08:44 - Илларионов (Еркенұлы, Жаксылыков)

1:2 - 22:44 - Илияс (Черней) ГБ

1:3 - 25:52 - Шмаков (Жаксылыков) ГМ

2:3 - 30:08 - Нурлан (Полторанин, Рахматуллаев) ГБ

3:3 - 36:31 - Болат (Мартынов, Сенько)

4:3 - 62:59 - Бурнашов (Сенько, Болат) ГБ

Қақпашылар: Төлеубай (Мельников, 40:00-62:59) - Валентюкевич

Плей-оффқа шығуын әлдеқашан қамтамасыз еткен «Кармет» қарқынын бәсеңдетпей, қатарынан үшінші рет ірі есеппен жеңіске жетті. Әбілқайыр Сәруарбек, Никита Маринин, Никита Рублёв және Адам Стариненко қарсыластарын екі реттен қапы қалдырды. Раты Дурглишвили әріптестеріне үш рет нәтижелі пас берді.

«Сары-қаралар» 6 ұпай жинап, В тобында жеңіске жетті. «Ақтөбе» Жастар кубогіндегі бұл додада ұпай еншілей алмады.

«Кармет» - «Ақтөбе» 12:2 (3:1, 4:1, 5:0)

0:1 - 03:30 - Каденов (Росхрест, Артамонов) ГБ

1:1 - 03:47 - Рублёв (Дурглишвили)

2:1 - 09:36 - Рублёв (Стариненко, Дурглишвили) ГБ

3:1 - 12:34 - Ольденбургер (Кошеляев, Божко)

4:1 - 22:36 - Стариненко (Божко) ГБ

5:1 - 23:34 - Саруарбек (Айткожа, Дәулетбек)

6:1 - 23:48 - Маринин (Песегов)

6:2 - 29:09 - Жунусов (Зубарев, Кадылбеков) ГБ

7:2 - 35:38 - Песегов

8:2 - 42:50 - Стариненко (Нурканов, Рублёв)

9:2 - 43:54 - Маринин (Лёвин, Алтухов)

10:2 - 44:57 - Божко (Дурглишвили, Ольденбургер)

11:2 - 46:45 - Алтухов (Песегов, Челбаевский)

12:2 - 56:14 - Саруарбек

Қақпашылар: Илларионов - Сапаргалиев (Кириченко, 43:54-60:00)

«Сұңқар» «Мұнайшыға» еш мүмкіндік қалдырмады. Алғашқы кезеңнің өзінде павлодарлықтардың қақпасына 6 шайба соғылды. Кейіннен оралдықтардың басымдығы одан әрі артты. Кездесудің ең нәтижелі ойыншылары Богдан Богайчук пен Артём Чудинович болды – екеуі де 2+2 нәтижесін көрсетті

«Сұңқар» 6 ұпай жинағанына қарамастан, негізгі уақытта жеңістер саны аз болғандықтан, жартылай финалға өте алмады. «Мұнайшы» Кубоктегі жарысты ұпайсыз аяқтады.

«Сұңқар» - «Мұнайшы» 12:3 (6:0, 5:2, 1:1)

1:0 - 01:17 - Костенко

2:0 - 01:34 - Феоктистов (Богайчук)

3:0 - 03:16 - Макаринцев (Маликов, Родионов)

4:0 - 04:37 - Стратинский (Черников, Михеев)

5:0 - 14:51 - Богайчук (Чудинович, Родионов)

6:0 - 16:01 - Черников (Блохин, Михеев)

6:1 - 21:55 - Шишикин (Асанов, Валентинов)

6:2 - 26:24 - Ташимов (Киреев, Шишикин) ГБ

7:2 - 29:14 - Богайчук (Чудинович, Феоктистов) ГБ

8:2 - 29:23 - Макаринцев (Костенко, Маликов)

9:2 - 29:58 - Чудинович (Богайчук, Феоктистов)

10:2 - 34:16 - Черников (Михеев)

11:2 - 35:29 - Ибрагимов (Абай, Забродин)

12:2 - 46:45 - Чудинович

12:3 - 59:58 - Краснов (Шишикин, Ташимов) ГБ

Қақпашылар: Камбаров (Климов, 30:57-60:00) - Пушков (Тасбулат, 03:16-31:53)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.