Барыс тағы да Кубок финалында ойнайды

2 qyrkúıek
387

Елдің Жастар кубогінің финалына алғашқы жолдаманы «Торпедо» мен «Барыс» сарапқа салды.

Бұл кездесуге елордалық ұжым жақсырақ дайын болып шықты. Үшінші кезең басталғанға дейін өскемендіктердің қақпасына бес шайба соғылды. Олардың авторлары — Тарлан Абдуллин, Роман Лазаренко, Кирилл Задорожный, Жәңгірхан Әбілдин және Әлішер Аманғалиев. Ерасыл Кентаев Леонид Кравцовтың қақпасынан саңылау тапты. Алайда бұл шайба «Торпедо» үшін тек жұбаныш голы болды. Кездесудің қорытынды есебін Әділжан Әміржанов, Святослав Харченко және Амир Попченков түйіндеді.

Осылайша, турнирдің қазіргі кубок иегері «Барыс» тағы да финалда өнер көрсетеді.

«Торпедо» - «Барыс» 1:8 (0:2, 0:3, 1:3)

0:1 - 05:07 - Абдуллин (Абильдин)

0:2 - 06:22 - Лазаренко (Тілеубаев, Алдоңғар)

0:3 - 20:48 - Задорожный (Лазаренко)

0:4 - 33:45 - Әбілдин (Фирса)

0:5 - 35:07 - Аманғалиев (Толстунов, Имашев)

1:5 - 41:18 - Кентаев (Пальмтаг, Якушкин)

1:6 - 49:02 - Амиржанов (Задорожный, Толстунов)

1:7 - 52:22 - Харченко (Аманғалиев, Имашев)

1:8 - 58:43 - Попченков (Рахманин, Фирса)

Қақпашылар: Грохотов - Кравцов


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.