Орал мен Ақтөбеде 2026–27 жылғы Қазақстан хоккей чемпионатының жастар арасындағы алғашқы матчтары өтті.
«Сұңқар» шешуші үшінші кезеңдегі қарқынды ойынының арқасында «Туранды» жеңіп кетті. Оралдықтарға жеңіс сыйлаған шайбаны дубль жасаған Богдан Багайчук соқты. Оның шешуші голы кезінде матчтың аяқталуына 119 секунд қалған еді. Игнат Яговкин қарсыластың қақпаға бағыттаған 24 соққысының барлығын қайтарып, командасын жеңілістен құтқарды.
«Сұңқар» - «Тұран Тайгерс» 4:3 (0:1, 1:2, 3:0)
0:1 - 02:22 - Мартынов
0:2 - 21:27 - Ержігіт (Алиев, Мартынов) ГБ
0:3 - 29:34 - Козлов (Ержігіт, Болат)
1:3 - 29:57 - Богайчук (Феоктистов, Чудинович)
2:3 - 49:54 - Котов (Крицин)
3:3 - 57:20 - Родионов (Черников)
4:3 - 58:01 - Богайчук
Қақпашылар: Яговкин - Төлеубай
«Ақтөбе» «Жас Батырмен» кездесудің әр кезеңінде бір-бір шайбадан соғып, чемпионатты еңбекпен келген жеңіспен бастады. Алаң иелеріне жеңіс әкелген дәл соққылардың авторлары – Алексей Артамонов, Руслан Қаршығаев және Савелий Потапов. Жеңімпаздар қақпашысы Айбат Сапарғалиев қарсыластың 44 соққысын қайтарды.
«Ақтөбе» - «Жас Батыр» 3:1 (1:0, 1:1, 1:0)
1:0 - 18:04 - Артамонов (Потапов, Қаршығаев) ГБ
2:0 - 28:58 - Каршыгаев (Артамонов, Каденов)
2:1 - 32:03 - Конрадий (Базунц)
3:1 - 44:24 - Потапов (Қаршығаев, Артамонов)
Қақпашылар: Сапарғалиев - Аманғали
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Qarmet
Barys
Almaty
Torpedo
Sunqar