Қазақстан жастар чемпионатының Рудный, Өскемен және Павлодардағы матчтарын бақылайық.
Қолданыстағы чемпион «Барыс» Рудныйда чемпионатты сенімді жеңіспен бастады. Бүгін «Горняктың» қақпасынан жауапсыз 8 шайба табылды. Даниил Лесничий дубль жасаса, Тамерлан Тілеубаев қонақтардың төрт голдық шабуылына қатысып, 1+3 көрсеткішін тіркеді. Ал бүгін шатаут рәсімдеген Леонид Кравцов 19 соққыны қайтарды.
«Горняк» - «Барыс» 0:8 (0:2, 0:3, 0:3)
0:1 - 11:43 - Аманғалиев (Тілеубаев, Мұқашев) ГБ
0:2 - 11:59 - Лесничий (Кубатаев)
0:3 - 20:40 - Лесничий (Графкин)
0:4 - 25:43 - Харченко (Тен, Тілеубаев) ГБ
0:5 - 30:44 - Тілеубаев (Харченко, Мұқашев) ГБ
0:6 - 45:25 - Әбілбеков (Мукашев, Тілеубаев) ГБ
0:7 - 47:05 - Қуанбек (Катенов)
0:8 - 57:26 - Умурбеков (Қуанбек)
Қақпашылар: Лаюров - Кравцов
Сәтті бастаманы өткен чемпионаттың қола жүлдегері «Торпедо» да жасады. Өскемендіктер өз мүмкіндіктерін мүлт жібермей пайдаланып, қарсыласына есеп айырмасын қысқартуға мүмкіндік бермеді. Кездесудің ең нәтижелі ойыншысы алаң иелерінің шабуылшысы Алексей Трегубов атанды. Ол 3 (1+2) ұпай жинады.
«Торпедо» - «Арлан» 6:2 (2:0, 1:1, 3:1)
1:0 - 15:52 - Челюк (Худяков, Трегубов)
2:0 - 19:23 - Трегубов (Худяков, Ергешев)
3:0 - 32:48 - Кентаев (Пальмтаг)
3:1 - 36:58 - Бесаев (Гусаров, Алборов)
4:1 - 42:06 - Ботищев (Пупков, Бекполтинов)
5:2 - 43:53 - Бесаев (Гусаров, Алборов)
6:2 - 47:00 - Белоусов (Трегубов, Ергешев) ГБ
7:2 - 59:58 - Якушкин (Кентаев, Украинцев)
Қақпашылар: Зиновьев - Байдек
«Құлагер» алғашқы кезеңдегі қарқынды ойыннан кейін Павлодарда жеңісті жіберіп ала жаздады. Матч барысында «Мұнайшы» үш шайба айырмасымен ұтылып жатты, алайда финалдық сирена петропавлдықтардың минималды басымдықпен жеңісін тіркеді. Жеңіс шайбасын Матвей Скляр соқты. Айта кетейік, алаң иелерінің қақпашысы Тихон Пушков 50 сейв жасағанымен, бұл оның командасына чемпионаттағы алғашқы матчында ұпай алуға көмектесе алмады.
«Мұнайшы» - «Құлагер» 3:4 (0:2, 0:1, 3:1)
0:1 - 05:11 - Дрождин (Седов)
0:2 - 15:07 - Кудьяров (Круглов, Серікболатов)
0:3 - 27:29 - Серікболатов (Круглов, Илияс)
1:3 - 41:09 - Асанов (Краснов)
1:4 - 44:58 - Скляр (Волосатов, Еркенулы)
2:4 - 51:13 - Краснов (Лигай, Асанов)
3:4 - 54:12 - Лигай
Қақпашылар: Пушков - Чертков
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Qarmet
Barys
Almaty
Torpedo
Sunqar