Назарларыңызға Jastar Ligasy чемпионатының кезекті аптасының басты кейіпкерін ұсынамыз.
«Алматы» лига көшбасшыларының қатарындағы орнын нығайта түсті. Дәл осы оңтүстік астана командасы чемпионат басталғалы қатарынан 14 матчта жеңіске жеткен «Карметтің» жеңісті сериясын тоқтатты. Осы маңызды кездесуде Матфей Катасонов хет-трик жасады.Жалпы, өткен аптада шабуылшы 6 (4+2) ұпай жинап, +2 пайдалық көрсеткішіне қол жеткізді. Бір қызығы, оның қақпаға бағыттаған соққыларының тура жартысы голға айналды – соққыларды голға айналдыру көрсеткіші 50%-ды құрады.
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Qarmet
Almaty
Barys
Torpedo
Sunqar