Жас Батыр Сұңқардан басым түсті, Горняк пен Құлагер сырт айдында жеңіске жетті

19 qazan
128

Қазақстан жастар чемпионатының Павлодар, Атырау және Ақтөбе қалаларындағы ойындарын бақылаймыз.

Павел Пикулевтің дублі мен Владислав Лаюровтың 16 сейві «Горнякқа» Павлодарда қақпасына гол жібермей жеңіске жетуге көмектесті. Кеншілер үшін бұл маусымдағы бесінші жеңіс болса, «Мұнайшы» әзірге осы чемпионатта бірде-бір ұпай жинай алмады.

«Мұнайшы» - «Горняк» 0:2 (0:0, 0:1, 0:1)

0:1 - 35:35 - Пикулев (Еропутов, Бобылев)

0:2 - 51:26 - Пикулев (Еропутов, Шевченко)

Қақпашылар: Пушков - Лаюров

Батыс өңірінің екі командасы арасындағы кездесуде бүгін «Жас Батыр» жеңіске жетті. Атыраулықтар өз мүмкіндіктерін ұтымды пайдаланып, екі рет сан басымдығын жүзеге асырды. Алаң иелері сапында Ярослав Гусаков дубль авторы атанса, Марсель Бекбаев үш нәтижелі пас берді. Қонақтар сапында Артём Чудинович мерей голының авторы атанды.

«Жас Батыр» - «Сұңқар» 4:1 (2:0, 0:1, 2:0)

1:0 - 04:56 - Прохоров (Польский, Забурдяев) ГБ

2:0 - 19:29 - Гусаков (Мирошниченко, Бекбаев)

2:1 - 33:15 - Чудинович (Родионов) ГБ

3:1 - 47:37 - Әбдірахманов (Секербай, Бекбаев)

4:1 - 56:33 - Гусаков (Бекбаев, Әбдірахманов) ГБ

Қақпашылар: Еркинов - Яговкин

«Құлагер» «Ақтөбенің» қарсылығын еңсерді. Петропавлдықтарға жеңіс әкелген екінші кезеңдегі нәтижелі ойын болды. Жеңіс шайбасын Аскарали Еркенұлы соқты. Қонақтар қақпашысы Станислав Валентюкевич қақпаға бағытталған 23 соққыны қайтарды.

«Ақтөбе» - «Құлагер» 2:3 (1:0, 0:2, 1:1)

1:0 - 07:10 - Сахи (Жұмажан)

1:1 - 24:08 - Серікболатов (Илияс, Еркенұлы)

1:2 - 32:11 - Седов

2:2 - 53:37 - Серік (Жандосұлы)

2:3 - 54:33 - Еркенұлы (Серікболатов)

Қақпашылар: Сапарғалиев - Валентюкевич


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.